1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Долбар ¹46 01/07/2015


Тұтастай алғанда Қазақстанның төлем жүйелері арқылы (Банкаралық ақша аударымы жүйесі және Банкаралық клиринг жүйесі) 2015 жылғы ІІ тоқсанда 51 572,0 млрд. теңге (немесе 277,5 млрд. АҚШ долл.) сомаға 8,7 млн. транзакция жүргізілді. 2014 жылғы ІІ тоқсанмен салыстырғанда төлем жүйелеріндегі төлемдер саны 2,5%-ға (212,4 мың транзакцияға) көбейді, төлемдер сомасы 8,4% (4 017,8 млрд. теңгеге) ұлғайды.

 

Банкаралық ақша аударымдары жүйесі (БААЖ)

Қатысушылардың саны 2015 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 481 болды.

2015 жылғы ІІ тоқсанда барлығы БААЖ арқылы 50 166,8 млрд. теңге (269,9 млрд. АҚШ долл.) сомаға 3,4 млн. транзакция жүзеге асырылды. 2014 жылғы ІІ тоқсанмен салыстырғанда төлемдер саны 6,0%-ға (218,0 мың транзакцияға) азайды, төлемдер сомасы 8,6% (3 981,6 млрд. теңгеге) ұлғайды.

Орташа алғанда бір күнде БААЖ арқылы 2015 жылғы ІІ тоқсанда 809,1 млрд. теңге сомаға 54,9 мың транзакция өтті, бұл 2014 жылғы осындай кезеңдегі деңгейден саны бойынша 6,5%-ға (3,5 мың транзакцияға) аз және сомасы бойынша 7,0%-ға (64,2 млрд. теңгеге) көп. Бұл ретте БААЖ-дағы бір төлем құжатының орташа сомасы 2015 жылғы ІІ тоқсанда 14,7 млн. теңге болды және 2014 жылғы ІІ тоқсанмен салыстырғанда 15,6% (2,0 млн. теңгеге) көбейді.

Бұл ретте БААЖ, елдің жүйелік-мәнді төлем жүйесі арқылы 2015 жылғы ІІ тоқсанда елдегі қолма-қол жасалмайтын төлемдердің жалпы көлемінің 97,3%-ы және олардың жалпы санының 39,2%-ы өңделді, бұл аса ірі және жоғары басымдықты төлемдерді жүргізу кезінде БААЖ мақсатының орындалғандығын білдіреді.

 

Банкаралық клиринг жүйесі

Банкаралық клиринг жүйесінде 2015 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша қатысушылардың саны 36 болды.

2015 жылғы ІІ тоқсандағы бөлшек төлемдер ағыны 1 405,2 млрд. теңге (7,6 млрд. АҚШ долл.) сомаға 5,3 млн. құжат болды. 2014 жылғы ІІ тоқсанмен салыстырғанда клиринг жүйесіндегі құжаттар саны 11,8% (430,3 мың құжат) көбейді, төлемдер сомасы 6,1% (36,2 млрд. теңге) өсті.

Орташа алғанда бір күнде клиринг жүйесі арқылы 2015 жылғы ІІ тоқсанда 22,7 млрд. теңге сомаға 85,1 мың құжат өтті, бұл 2014 жылғы осындай кезеңдегі деңгейден төлемдер саны бойынша 7,8% (6,9 мың транзакция) және төлем сомасы бойынша – 2,7% (584,3 млн. теңге) көп болды. Бұл ретте 2015 жылғы ІІ тоқсанда Банкаралық клиринг жүйесіндегі бір төлемнің орташа сомасы 266,3 мың теңге болды және 2014 жылғы ІІ тоқсанмен салыстырғанда 5,7% (16,2 мың теңге) азайды.

Сонымен қатар, басымдылығы жоғары болып табылмайтын және 5 млн. теңге сомадан аспайтын төлемдер жүргізуге арналған Банкаралық клиринг жүйесінде елдегі қолма-қол жасалмайтын төлемдердің жалпы көлемінен 60,8% және олардың жалпы көлемінен 2,7% жүзеге асырылды, бұл клиринг жүйесінің ұсақ сомаларға арналған төлемдердің едәуір санын жүргізу қызметін орындағанын  көрсетеді.


 

1 ҚБЕО сайтында  49 пайдаланушы көрсетілген + ҚБЕО КП.

Жоғарыға