1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

Нұсқа ¹169 30/09/2025

2025 жылдың қаңтар-тамыз айларында Қазақстанның төлем жүйелері арқылы (Банкаралық ақша аударымы жүйесі және Банкаралық клиринг жүйесі) 1 036,2 трлн теңге сомаға 74,6 млн транзакция жүргізілді. 2024 жылдың қаңтар-тамыз айларымен салыстырғанда төлем жүйелеріндегі төлемдер саны 29,6% (17,1 млн транзакцияға), төлемдер сомасы 7,9% (75,9 трлн. теңгеге) көбейді.

 

БААЖ және Банкаралық клиринг жүйесі

(тиісінше мың транзакция және млрд.тг)

Жыл

Қаңтар-тамыз

саны

көлемі

2024

57 591,4

960 240,1

2025

74 645,8

1 036 152,6

Өзгеріс, %-бен

29,6%

7,9%

 

Банкаралық ақша аударымдары жүйесі (БААЖ)

2025 жылдың қаңтар-тамыз айларында БААЖ арқылы барлығы 1 026,9 трлн теңге сомаға 23,5 млн транзакция жүзеге асырылды. 2024 жылдың қаңтар-тамыз айларымен салыстырғанда төлемдер саны 19,0%-ға (3,7 млн транзакцияға), төлемдер сомасы 7,8% (74,2 трлн теңгеге) көбейді.

Орташа алғанда бір күнде БААЖ арқылы 2025 жылдың қаңтар-тамыз айларында 6,4 трлн трлн теңге сомаға 145,8 мың транзакция жүргізілді, бұл 2024 жылдың қаңтар-тамыз айларымен салыстырғанда саны бойынша 21,2% (25,5 мың транзакцияға) және сомасы бойынша 9,8% (569,1 млрд. теңгеге) көп.

 

Банкаралық ақша аудару жүйесі (БААЖ)

(тиісінше мың транзакция және млрд.тг)

Жыл

Қаңтар-тамыз

саны

көлемі

2024

барлығы

19 727,3

952 703,5

орташа алғанда бір күнде

120,3

5 809,2

2025

барлығы

23 467,7

1 026 903,5

орташа алғанда бір күнде

145,8

6 378,3

Өзгеріс, %-бен

барлығы

19,0%

7,8%

орташа алғанда бір күнде

21,2%

9,8%

 

Банкаралық клиринг жүйесі (БКЖ)

2025 жылдың қаңтар-тамыз айларында бөлшек төлемдер ағыны 9,2 трлн теңге сомаға 51,2 млн құжат болды. 2024 жылдың қаңтар-тамыз айларымен салыстырғанда клиринг жүйесіндегі құжаттар саны 35,2% (13,3 млн құжат), төлемдер сомасы 22,7% (1,7 трлн. теңге) көбейді.

Орташа алғанда бір күнде клиринг жүйесі арқылы 2025 жылдың қаңтар-тамыз айларында 57,4 млрд. теңге сомаға 317,9 мың. транзакция жүргізілді, бұл 2024 жылдың қаңтар-тамыз айларымен салыстырғанда төлем саны бойынша 37,7% (87,0 мың транзакция) және төлем сомасы бойынша – 25,0% (11,5 млрд. теңге) көп.

 

Банкаралық клиринг жүйесі

(тиісінше мың транзакция және млрд.тг)

Жыл

Қаңтар-тамыз

саны

көлемі

2024

барлығы

37 864,0

7 536,5

орташа алғанда бір күнде

230,9

46,0

2025

барлығы

51 178,1

9 249,1

орташа алғанда бір күнде

317,9

57,4

Өзгеріс, %-бен

барлығы

35,2%

22,7%

орташа алғанда бір күнде

37,7%

25,0%

 

Жоғарыға