1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

Нұсқа ¹160 27/12/2024

2024 жылдың қаңтар-қараша айларында Қазақстанның төлем жүйелері арқылы (Банкаралық ақша аударымы жүйесі және Банкаралық клиринг жүйесі) 1 347,4 трлн теңге сомаға 79,5 млн транзакция жүргізілді. 2023 жылдың қаңтар-қараша айларымен салыстырғанда төлем жүйелеріндегі төлемдер саны 18,8% (12,6 млн транзакцияға), төлемдер сомасы 54,4% (474,8 трлн. теңгеге) көбейді.

 

БААЖ және Банкаралық клиринг жүйесі

(тиісінше мың транзакция және млрд.тг)

Жыл

Қаңтар-қараша

саны

көлемі

2023

66 976,4

872 580,4

2024

79 542,7

1 347 409,4

Өзгеріс, %-бен

18,8%

54,4%

 

Банкаралық ақша аударымдары жүйесі (БААЖ)

2024 жылдың қаңтар-қараша айларында БААЖ арқылы барлығы 1 336,8 трлн теңге сомаға 27,5 млн транзакция жүзеге асырылды. 2023 жылдың қаңтар-қараша айларымен салыстырғанда төлемдер саны 20,1%-ға (4,6 млн транзакцияға), төлемдер сомасы 55,0% (474,1 трлн теңгеге) көбейді.

Орташа алғанда бір күнде БААЖ арқылы 2024 жылдың қаңтар-қараша айларында 5,9 трлн теңге сомаға 120,6 мың транзакция жүргізілді, бұл 2023 жылдың қаңтар-қараша айларымен салыстырғанда саны бойынша 18,5% (18,8 мың транзакцияға) және сомасы бойынша 52,9% (2,0 трлн теңгеге) көп.

 

Банкаралық ақша аудару жүйесі (БААЖ)

(тиісінше мың транзакция және млрд.тг)

Жыл

Қаңтар-қараша

саны

көлемі

2023

барлығы

22 887,1

862 696,2

орташа алғанда бір күнде

101,7

3 834,2

2024

барлығы

27 489,7

1 336 822,3

орташа алғанда бір күнде

120,6

5 863,3

Өзгеріс, %-бен

барлығы

20,1%

55,0%

орташа алғанда бір күнде

18,5%

52,9%

 

Банкаралық клиринг жүйесі

2024 жылдың қаңтар-қараша айларында бөлшек төлемдер ағыны 10,6 трлн теңге сомаға 52,1 млн құжат болды. 2023 жылдың қаңтар-қараша айларымен салыстырғанда клиринг жүйесіндегі құжаттар саны 18,1% (7,7 млн құжат), төлемдер сомасы 7,1% (702,9 млрд теңге) көбейді.

Орташа алғанда бір күнде клиринг жүйесі арқылы 2024 жылдың қаңтар-қараша айларында 46,4 млрд теңге сомаға 228,3 мың. транзакция жүргізілді, бұл 2023 жылдың қаңтар-қараша айларымен салыстырғанда төлем саны бойынша 16,5% (32,4 мың транзакция) және төлем сомасы бойынша – 5,7% (2,5 млрд теңге) көп.

 

Банкаралық клиринг жүйесі

(тиісінше мың транзакция және млрд.тг)

Жыл

Қаңтар-қараша

саны

көлемі

2023

барлығы

44 089,3

9 884,2

орташа алғанда бір күнде

196,0

43,9

2024

барлығы

52 053,1

10 587,1

орташа алғанда бір күнде

228,3

46,4

Өзгеріс, %-бен

барлығы

18,1%

7,1%

орташа алғанда бір күнде

16,5%

5,7%

 

Жоғарыға