1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

Нұсқа ¹158 29/10/2024

2024 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Қазақстанның төлем жүйелері арқылы (Банкаралық ақша аударымы жүйесі және Банкаралық клиринг жүйесі) 1 094,6 трлн теңге сомаға 64,9 млн транзакция жүргізілді. 2023 жылдың қаңтар-қыркүйек айларымен салыстырғанда төлем жүйелеріндегі төлемдер саны 18,3% (10,0 млн транзакцияға), төлемдер сомасы 60,3% (411,8 трлн. теңгеге) көбейді.

 

БААЖ және Банкаралық клиринг жүйесі

(тиісінше мың транзакция және млрд.тг)

Жыл

Қаңтар-қыркүйек

саны

көлемі

2023

54 861,8

682 812,9

2024

64 880,7

1 094 634,1

Өзгеріс, %-бен

18,3%

60,3%

 

Банкаралық ақша аударымдары жүйесі (БААЖ)

2024 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында БААЖ арқылы барлығы 1 086,1 трлн теңге сомаға 22,2 млн транзакция жүзеге асырылды. 2023 жылдың қаңтар-қыркүйек айларымен салыстырғанда төлемдер саны 20,2%-ға (3,7 млн транзакцияға), төлемдер сомасы 60,9% (411,3 трлн теңгеге) көбейді.

Орташа алғанда бір күнде БААЖ арқылы 2024 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 5,9 трлн теңге сомаға 120,1 мың транзакция жүргізілді, бұл 2023 жылдың қаңтар-қыркүйек айларымен салыстырғанда саны бойынша 18,9% (19,1 мың транзакцияға) және сомасы бойынша 59,2% (2,2 трлн теңгеге) көп.

 

Банкаралық ақша аудару жүйесі (БААЖ)

(тиісінше мың транзакция және млрд.тг)

Жыл

Қаңтар-қыркүйек

саны

көлемі

2023

барлығы

18 488,8

674 839,9

орташа алғанда бір күнде

101,0

3 687,6

2024

барлығы

22 224,2

1 086 118,9

орташа алғанда бір күнде

120,1

5 870,9

Өзгеріс, %-бен

барлығы

20,2%

60,9%

орташа алғанда бір күнде

18,9%

59,2%

 

Банкаралық клиринг жүйесі

2024 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында бөлшек төлемдер ағыны 8,5 трлн теңге сомаға 42,7 млн құжат болды. 2023 жылдың қаңтар-қыркүйек айларымен салыстырғанда клиринг жүйесіндегі құжаттар саны 17,3% (6,3 млн құжат), төлемдер сомасы 6,8% (542,3 млрд теңге) көбейді.

Орташа алғанда бір күнде клиринг жүйесі арқылы 2024 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 46,0 млрд теңге сомаға 230,6 мың. транзакция жүргізілді, бұл 2023 жылдың қаңтар- қыркүйек айларымен салыстырғанда төлем саны бойынша 16,0% (31,8 мың транзакция) және төлем сомасы бойынша – 5,6% (2,5 млрд теңге) көп.

 

Банкаралық клиринг жүйесі

(тиісінше мың транзакция және млрд.тг)

Жыл

Қаңтар-қыркүйек

саны

көлемі

2023

барлығы

36 373,1

7 973,0

орташа алғанда бір күнде

198,8

43,6

2024

барлығы

42 656,5

8 515,2

орташа алғанда бір күнде

230,6

46,0

Өзгеріс, %-бен

барлығы

17,3%

6,8%

орташа алғанда бір күнде

16,0%

5,6%

 

Жоғарыға