1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

Нұсқа ¹152 29/04/2024

2024 жылдың қаңтар-наурыз айларында Қазақстанның төлем жүйелері арқылы (Банкаралық ақша аударымы жүйесі және Банкаралық клиринг жүйесі) 318,9 трлн теңге сомаға 20,5 млн транзакция жүргізілді. 2023 жылдың қаңтар-наурыз айларымен салыстырғанда төлем жүйелеріндегі төлемдер саны 15,1% (2,7 млн транзакцияға), төлемдер сомасы 54,4% (112,3 трлн. теңгеге) көбейді.

 

БААЖ және Банкаралық клиринг жүйесі

(тиісінше мың транзакция және млрд.тг)

Жыл

Қаңтар-наурыз

саны

көлемі

2023

17 780,4

206 613,2

2024

20 463,3

318 933,2

Өзгеріс, %-бен

15,1%

54,4%

 

Банкаралық ақша аударымдары жүйесі (БААЖ)

2024 жылдың қаңтар-наурыз айларында БААЖ арқылы барлығы 316,4 трлн теңге сомаға 6,9 млн транзакция жүзеге асырылды. 2023 жылдың қаңтар-наурыз айларымен салыстырғанда төлемдер саны 22,2%-ға (1,3 млн транзакцияға), төлемдер сомасы 54,9% (112,1 трлн теңгеге) көбейді.

Орташа алғанда бір күнде БААЖ арқылы 2024 жылдың қаңтар-наурыз айларында 5,4 трлн теңге сомаға 117,0 мың транзакция жүргізілді, бұл 2023 жылдың қаңтар-наурыз айларымен салыстырғанда саны бойынша 22,2% (21,2 мың транзакцияға) және сомасы бойынша 54,9% (1,9 трлн теңгеге) көп.

 

Банкаралық ақша аудару жүйесі (БААЖ)

(тиісінше мың транзакция және млрд.тг)

Жыл

Қаңтар-наурыз

саны

көлемі

2023

барлығы

5 648,6

204 325,1

орташа алғанда бір күнде

95,7

3 463,1

2024

барлығы

6 900,6

316 438,4

орташа алғанда бір күнде

117,0

5 363,4

Өзгеріс, %-бен

барлығы

22,2%

54,9%

орташа алғанда бір күнде

22,2%

54,9%

 

Банкаралық клиринг жүйесі

2024 жылдың қаңтар-наурыз айларында бөлшек төлемдер ағыны 2,5 трлн теңге сомаға 13,6 млн құжат болды. 2023 жылдың қаңтар-наурыз айларымен салыстырғанда клиринг жүйесіндегі құжаттар саны 11,8% (1,4 млн құжат), төлемдер сомасы 9,0% (206,8 млрд теңге) көбейді.

Орташа алғанда бір күнде клиринг жүйесі арқылы 2024 жылдың қаңтар-наурыз айларында 42,3 млрд теңге сомаға 229,9 мың. транзакция жүргізілді, бұл 2023 жылдың қаңтар-наурыз айларымен салыстырғанда төлем саны бойынша 11,8% (24,3 мың транзакция) және төлем сомасы бойынша – 9,0% (3,5 млрд теңге) көп.

 

Банкаралық клиринг жүйесі

(тиісінше мың транзакция және млрд.тг)

Жыл

Қаңтар-наурыз

саны

көлемі

2023

барлығы

12 131,8

2 288,1

орташа алғанда бір күнде

205,6

38,8

2024

барлығы

13 562,7

2 494,9

орташа алғанда бір күнде

229,9

42,3

Өзгеріс, %-бен

барлығы

11,8%

9,0%

орташа алғанда бір күнде

11,8%

9,0%

 

Жоғарыға