1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Долбар ¹147 27/11/2023

2023 жылдың қаңтар-қазан айларында Қазақстанның төлем жүйелері арқылы (Банкаралық ақша аударымы жүйесі және Банкаралық клиринг жүйесі) 768,9 трлн теңге сомаға 60,9 млн транзакция жүргізілді. 2022 жылдың қаңтар-қазан айларымен салыстырғанда төлем жүйелеріндегі төлемдер саны 14,0% (7,5 млн транзакцияға), төлемдер сомасы 26,0% (158,9 трлн теңгеге) көбейді.

БААЖ және Банкаралық клиринг жүйесі

(тиісінше мың транзакция және млрд.тг)

Жыл

Қаңтар-қазан

саны

көлемі

2022

53 400,6

610 080,1

2023

60 881,0

768 940,6

Өзгеріс, %-бен

14,0%

26,0%

 

Банкаралық ақша аударымдары жүйесі (БААЖ)

2023 жылдың қаңтар-қазан айларында БААЖ арқылы барлығы 760,0 трлн теңге сомаға 20,7 млн транзакция жүзеге асырылды. 2022 жылдың қаңтар-қазан айларымен салыстырғанда төлемдер саны 18,2%-ға (3,2 млн транзакцияға), төлемдер сомасы 26,3% (158,2 трлн теңгеге) көбейді.

Орташа алғанда бір күнде БААЖ арқылы 2023 жылдың қаңтар-қазан айларында 3,7 трлн теңге сомаға 101,4 мың транзакция жүргізілді, бұл 2022 жылдың қаңтар-қазан айларымен салыстырғанда саны бойынша 17,6% (15,2 мың транзакцияға) және сомасы бойынша 25,8% (760,7 млрд теңгеге) көп.

 

Банкаралық ақша аудару жүйесі (БААЖ)

(тиісінше мың транзакция және млрд.тг)

Жыл

Қаңтар-қазан

саны

көлемі

2022

барлығы

17 493,4

601 878,4

орташа алғанда бір күнде

86,2

2 964,9

2023

барлығы

20 678,4

760 030,5

орташа алғанда бір күнде

101,4

3 725,6

Өзгеріс, %-бен

барлығы

18,2%

26,3%

орташа алғанда бір күнде

17,6%

25,7%

 

Банкаралық клиринг жүйесі

2023 жылдың қаңтар-қазан айларында бөлшек төлемдер ағыны 8,9 трлн теңге сомаға 40,2 млн құжат болды. 2022 жылдың қаңтар-қазан айларымен салыстырғанда клиринг жүйесіндегі құжаттар саны 12,0% (4,3 млн құжат), төлемдер сомасы 8,6% (708,4 млрд теңге) көбейді.

Орташа алғанда бір күнде клиринг жүйесі арқылы 2023 жылдың қаңтар-қазан айларында 43,7 млрд теңге сомаға 197,1 мың транзакция жүргізілді, бұл 2022 жылдың қаңтар-қазан айларымен салыстырғанда төлем саны бойынша 11,4% (20,2 мың транзакция) және төлем сомасы бойынша – 8,1% (3,3  млрд теңге) көп.

 

Банкаралық клиринг жүйесі

(тиісінше мың транзакция және млрд.тг)

Жыл

Қаңтар-қазан

саны

көлемі

2022

барлығы

35 907,2

8 201,7

орташа алғанда бір күнде

176,9

40,4

2023

барлығы

40 202,6

8 910,1

орташа алғанда бір күнде

197,1

43,7

Өзгеріс, %-бен

барлығы

12,0%

8,6%

орташа алғанда бір күнде

11,4%

8,1%

 

Жоғарыға