Долбар ¹145 29/09/2023
2023 жылдың қаңтар-тамыз айларында Қазақстанның төлем жүйелері арқылы (Банкаралық ақша аударымы жүйесі және Банкаралық клиринг жүйесі) 603,4 трлн теңге сомаға 49,0 млн транзакция жүргізілді. 2022 жылдың қаңтар-тамыз айларымен салыстырғанда төлем жүйелеріндегі төлемдер саны 14,8% (6,3 млн транзакцияға), төлемдер сомасы 26,4% (126,0 трлн теңгеге) көбейді.
БААЖ және Банкаралық клиринг жүйесі |
||
(тиісінше мың транзакция және млрд.тг) |
||
Жыл |
Қаңтар-тамыз |
|
саны |
көлемі |
|
2022 |
42 679,8 |
477 362,0 |
2023 |
48 994,0 |
603 400,9 |
Өзгеріс, %-бен |
14,8% |
26,4% |
Банкаралық ақша аударымдары жүйесі (БААЖ)
2023 жылдың қаңтар-тамыз айларында БААЖ арқылы барлығы 596,3 трлн теңге сомаға 16,4 млн транзакция жүзеге асырылды. 2022 жылдың қаңтар-тамыз айларымен салыстырғанда төлемдер саны 17,5%-ға (2,4 млн транзакцияға), төлемдер сомасы 26,6% (125,4 трлн теңгеге) көбейді.
Орташа алғанда бір күнде БААЖ арқылы 2023 жылдың қаңтар-тамыз айларында 3,7 трлн теңге сомаға 101,0 мың транзакция жүргізілді, бұл 2022 жылдың қаңтар-тамыз айларымен салыстырғанда саны бойынша 16,8% (14,5 мың транзакцияға) және сомасы бойынша 25,9% (756,1 млрд теңгеге) көп.
Банкаралық ақша аудару жүйесі (БААЖ) |
|||
(тиісінше мың транзакция және млрд.тг) |
|||
Жыл |
Қаңтар-тамыз |
||
саны |
көлемі |
||
2022 |
барлығы |
13 927,6 |
470 926,8 |
орташа алғанда бір күнде |
86,5 |
2 925,0 |
|
2023 |
барлығы |
16 364,5 |
596 343,0 |
орташа алғанда бір күнде |
101,0 |
3 681,1 |
|
Өзгеріс, %-бен |
барлығы |
17,5% |
26,6% |
орташа алғанда бір күнде |
16,8% |
25,9% |
Банкаралық клиринг жүйесі
2023 жылдың қаңтар-тамыз айларында бөлшек төлемдер ағыны 7,1 трлн теңге сомаға 32,6 млн құжат болды. 2022 жылдың қаңтар-тамыз айларымен салыстырғанда клиринг жүйесіндегі құжаттар саны 13,5% (3,9 млн құжат), төлемдер сомасы 9,7% (622,8 млрд теңге) көбейді.
Орташа алғанда бір күнде клиринг жүйесі арқылы 2023 жылдың қаңтар-тамыз айларында 43,6 млрд теңге сомаға 201,4 мың транзакция жүргізілді, бұл 2022 жылдың қаңтар-тамыз айларымен салыстырғанда төлем саны бойынша 12,8% (22,8 мың транзакция) және төлем сомасы бойынша – 9,0% (3,6 млрд теңге) көп.
Банкаралық клиринг жүйесі |
|||
(тиісінше мың транзакция және млрд.тг) |
|||
Жыл |
Қаңтар-тамыз |
||
саны |
көлемі |
||
2022 |
барлығы |
28 752,2 |
6 435,1 |
орташа алғанда бір күнде |
178,6 |
40,0 |
|
2023 |
барлығы |
32 629,5 |
7 057,9 |
орташа алғанда бір күнде |
201,4 |
43,6 |
|
Өзгеріс, %-бен |
барлығы |
13,5% |
9,7% |
орташа алғанда бір күнде |
12,8% |
9,0% |