1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының бірінші орынбасары 

1974 жылы 25 наурызда Алматы облысында дүниеге келген. 

Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Қаржы және кредит» мамандығы бойынша (1995), Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті жанындағы Халықаралық бизнес мектебін «Стратегиялық менеджмент» мамандығы бойынша (МДА) (2009) бітірген.

1998 – 2006 жылдары Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде түрлі лауазымдарды атқарды.

2006 – 2014 жылдары Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде Үйлестіру департаментінің директоры болып қызмет етті.

2014 жылдан 2015 жылға дейін – «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Басқарушы директоры.

2015 жылы – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарды.

2015 – 2018 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі.

2018 – 2019 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі.

2019 жылдан 2020 жылға дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы болып қызмет етті.

2020 – 2021 жылдары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі.

2022 – 2024 жылдары – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі.

2024 – 2025 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі.

2025 жылғы 17 ақпанда Қазақстан Республикасы Президентінің өкімімен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды.

«Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін», «Еуразиялық экономикалық одақтың дамуына қосқан үлесі үшін» медальдарымен, мерекелік медальдармен марапатталды.

Жоғарыға