1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

№14 Баспасөз релизі. Қаржы нарығындағы ахуал туралы

Жылдық инфляция 6,0% деңгейде қалыптасты (2019 жылғы желтоқсанда – 5,4%) және 4-6% нысаналы дәліздің жоғары шегінде тұр. Инфляцияның құрылымында жылдық көрсеткіш бойынша азық-түлік тауарларының бағасы 8,6%-ға, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 5,4%-ға, ақылы қызмет – 3,2%-ға өсті.

2020 жылғы ақпанда халықтың пікіртерімі нәтижелері бойынша бір жылдан кейін күтілетін инфляцияны сандық бағалау 5,2% болды.

2. 2020 жылғы ақпанның қорытындысы бойынша халықаралық резервтер және ақша агрегаттары

2020 жылғы ақпанда Ұлттық Банктің жалпы халықаралық резервтері, алдын ала деректер бойынша, 1,9%-ға немесе 554,7млн АҚШ долларына 29,9 млрд АҚШ долларына дейін ұлғайды. Алтынды сатып алу бойынша жүргізілген операциялар және оның бағасы әлем нарықтарында ұлғаюы есебінен халықаралық резервтер өсті. Алтындағы активтің өсуі шетел валютасындағы активтер төмендеуімен ішінара реттелді.

Жалпы алғанда, елдің халықаралық резервтері Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтерін (60 млрд АҚШ доллары) қоса алғанда, алдын ала деректер бойынша, 2020 жылғы ақпанның соңында 89,9 млрд АҚШ доллары болды.

Ақша базасы 2020 жылғы ақпанда 2,0%-ға (жыл басынан бері 7,2%-ға тарылды) кеңейді және 6 395,2 млрд теңге болды. Тар ақша базасы, яғни екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық Банктегі мерзімді депозиттерін есептемегендегі ақша базасы 5 347,7 млрд теңгеге дейін 7,4%-ға (жыл басынан бері 1,5%-ға тарылды) кеңейді.

2020 жылғы ақпанда ақша массасы, 0,4-ға (жыл басынан бері 2,5%-ға) төмендеп, 20 793,9 млрд теңге болды, айналыстағы қолма-қол ақша 2 215,1 млрд теңгеге дейін 1,2%-ға ұлғайды (жыл басынан бері 3,7%-ға төмендеді).

3. Ұлттық Банктің ақша-кредит саясаты саласындағы операциялары

Ұлттық Банк 2020 жылғы 10 наурызда пайыздық дәлізді +/-1,5 п.т. дейін кеңейтіп, базалық мөлшерлемені жылдық 12%1 дейін өсіру туралы кезектен тыс шешім қабылдады. Шешім сыртқы сектор жағынан тәуекелдер күшеюі аясында баға тұрақтылығын қолдау қажеттілігіне негізделді. 2020 жылғы 16 наурыздағы базалық мөлшерлеме бойынша кезекті шешімде базалық мөлшерлеме мен дәліз сол деңгейде сақталды.

Ақша нарығында ақша-кредит саясатының операцияларын жүргізу кезінде таргеттелетін (нысаналы) мөлшерлеме болып табылатын TONIA индикаторы2 2020 жылғы алғашқы үш аптада базалық мөлшерлеменің деңгейі мен пайыздық дәліздің төменгі шегі арасында қалыптасты. Теңгемен өтімділікке сұраныс ұлғаюы айдың соңында мөлшерлемелер өсуіне әкелді. 2020 жылғы ақпанда TONIA-ның орташа алынған мәні жылдық 9,47% (2020 жылғы қаңтарда – 8,64%) болды.

Ақша-кредит саясатының құралдары. 2020 жылғы ақпанның соңында Ұлттық Банктің ақша нарығындағы операцияларының теріс сальдосы (Ұлттық Банктің ашық позициясы) 4,4 трлн теңге болды.

Тікелей репо операциялары бойынша Ұлттық Банктің ашық позициясының көлемі 40,3 млрд теңге болды.

Ұлттық Банктегі банктік депозиттердің көлемі 560,1 млрд теңге, оның ішінде депозиттік аукциондар арқылы алынатын өтімділік көлемі – 425,0 млрд теңгені құрады.

Айналыстағы қысқа мерзімді ноттардың көлемі 2020 жылғы ақпанның соңында бір айда 3,9%-ға ұлғайып, 4 144,4 млрд теңге болды.

Қысқа мерзімді ноттар эмиссиясының көлемі 2020 жылғы ақпанда 1 544,7 млрд теңгені құрады. 7 аукцион өткізілді, оның ішінде 1 114,4 млрд теңге сомаға 1 айлық ноттарды орналастыру бойынша 4 аукцион (орташа алынған кірістілік – 9,34%), 124,9 млрд теңге сомаға 3 айлық ноттарды орналастыру бойынша 1 аукцион (кірістілік – 9, 88%), 229,5 млрд теңге сомаға жартыжылдық ноттар бойынша 1 аукцион (кірістілік – 10,07%), 75,9 млрд теңге сомаға 1 жылдық ноттарды орналастыру бойынша 1 аукцион (кірістілік – 10,14%) өткізілді.

Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын өтеу көлемі бір айда 1 407,7 млрд теңгені құрады.

Кірістілік қисығын қалыптастыру. 2020 жылғы ақпанда Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі 79,3 млрд теңге сомаға орташа мерзімді (МЕОКАМ) және ұзақ мерзімді мемлекеттік бағалы қағаздарды (МЕУКАМ) орналастырды. Жалпы алғанда 8 аукцион өткізілді, онда 5 жылдық, 9 жылдық, 10 жылдық, 15 жылдық, 18 жылдық және 20 жылдық мемлекеттік бағалы қағаздары орналастырылды. Олар бойынша орташа алынған кірістілік жылдық 9,50% - 9,65% дейінгі аралықта болды.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің айналыстағы бағалы қағаздарының көлемі 2020 жылғы ақпанда 0,8%-ға ұлғайып, 8 396,9 млрд теңге болды.

2020 жылғы наурыз айының басындағы жағдай бойынша кірістіліктің қисығы3 инверсиялық сипатын сақтады. Дегенмен, 2020 жылғы ақпан айының басымен салыстырғанда бір жылға дейінгі сегментте кірістіліктің күрт өсуін реттеу есебінен ол теңестірілгені байқалады. Жалпы алғанда барынша ұзақ өтеу мерзімі бар қағаздарға қарағанда қысқа мерзімді бағалы қағаздардың барынша жоғары кірістілік тренді сақталуда.

4. 2020 жылғы ақпандағы валюта нарығы

2020 жылғы ақпанда теңгенің биржалық айырбастау бағамы бір АҚШ доллары үшін 375,94–381,19 теңге аралығында өзгерді. 2020 жылғы ақпанның соңында теңгенің АҚШ долларына қатысты биржалық бағамы бір айда 0,6%-ға әлсіреп, бір АҚШ доллары үшін 381,19 теңге болды.

Теңге – АҚШ доллары валюталық жұбы бойынша операциялардың жалпы көлемі бір айда 14,0 млрд АҚШ доллары, оның ішінде Қазақстан қор биржасындағы биржалық сауда-саттықтардың көлемі – 2,1 млрд АҚШ доллары, биржадан тыс валюта нарығындағы операциялардың көлемі – 11,9 млрд АҚШ доллары болды. Бір еншілес банктің биржадан тыс нарықтағы операциялардың жалпы көлеміндегі үлесі 56,2% (2020 жылғы қаңтарда 57,5%) болды, бұл олардың меншікті капиталын валюталық тәуекелдерден хеджирлеуімен байланысты болды. Аталған операциялар банк тобының ішінде жүргізіледі және ішкі валюта нарығындағы шетел валютасына сұраныс немесе ұсыныс арақатынасына әсер етпейді. 

2020 жылғы ақпанда халық нетто-негізде 137,1 млрд теңге баламасындағы сомаға (2020 жылғы қаңтарда – 163,4 млрд теңге) қолма-қол шетел валютасын сатып алды. Шығыстардың негізгі көлемі АҚШ долларын сатып алуға – 45,2% немесе 61,9 млрд теңге, Ресей рублін – 40,5% немесе 55,6 млрд теңге, еуроны – 14,3% немесе 19,6 млрд теңге сатып алуға бағытталды. Өткен аймен салыстырғанда аталған шығыстар 16,1%-ға азайды. Валюта түрлеріне бөлгенде АҚШ долларын сатып алуға жұмсалған шығыстар 40,9%-ға, еуро сатып алуға жұмсалған шығыстар – 16,1%-ға азайды, Ресей рублін сатып алуға жұмсалған шығыстар – 61,0%-ға ұлғайды.

5. 2020 жылғы ақпанның қорытындысы бойынша депозит нарығы

Резиденттердің депозиттік ұйымдардағы депозиттерінің көлемі 2020 жылғы ақпанның соңында 0,6%-ға төмендеп, 18 578,8 млрд теңге болды. Заңды тұлғалардың депозиттері 9 181,4 млрд теңгеге дейін 4,3%-ға төмендеді, жеке тұлғалардың депозиттері 9 397,5 млрд теңгеге дейін 3,3%-ға ұлғайды.

Ұлттық валютадағы депозиттер көлемі бір айда 10 802,1 млрд теңгеге дейін 0,1%-ға ұлғайды, шетел валютасындағы депозиттер көлемі – 7 776,7 млрд теңгеге дейін 1,5%-ға төмендеді. Долларландыру деңгейі 2020 жылғы ақпанның соңында 41,9% (2019 жылғы желтоқсанда – 43,1%) болды.

Заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы депозиттері 2020 жылғы ақпанда 5 356,8 млрд теңгеге дейін 2,1%-ға, шетел валютасындағы – 3 824,6 млрд теңгеге дейін 7,2%-ға төмендеді (заңды тұлғалар депозиттерінің 41,7%-ы).

Жеке тұлғалардың теңгемен депозиттері 5 445,3 млрд теңгеге дейін 2,4%-ға, шетел валютасындағы – 3 952,2 млрд теңгеге дейін 4,7%-ға ұлғайды (жеке тұлғалар депозиттерінің 42,1%-ы).

Мерзімді депозиттердің көлемі бір айда 0,7%-ға төмендеп, 12 615,8 млрд теңгені құрады. Олардың құрылымында ұлттық валютадағы салымдар 7 329,5 млрд теңгені, шетел валютасындағы салымдар 5 286,3 млрд теңгені құрады.

Банктік емес заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы мерзімді депозиттері бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 7,1%-ды (2019 жылғы ақпанда – 7,2%), жеке тұлғалардың депозиттері бойынша 8,9%-ды (9,5%) құрады.

6. 2020 жылғы ақпаның қорытындысы бойынша кредит нарығы

Банктердің экономиканы кредиттеу көлемі бір айда 1,0%-ға ұлғайып, 2020 жылғы ақпанның соңында 13 807,2 млрд теңге болды. Заңды тұлғаларға берілген кредиттердің көлемі 7 021,5 млрд теңгеге дейін 0,8%-ға, жеке тұлғаларға – 6 785,7 млрд теңгеге дейін 1,1%-ға ұлғайды.

Ұлттық валютамен кредиттер көлемі бір айда 11 635,4 млрд теңгеге дейін 1,3%-ға ұлғайды. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға берілген кредиттер 1,5%-ға, ал жеке тұлғаларға берілген кредиттер – 1,2%-ға ұлғайды. Шетел валютасымен кредиттер көлемі 2 171,7 млрд теңгеге дейін 0,8%-ға азайды. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға берілген кредиттер 0,6%-ға, жеке тұлғаларға берілген кредиттер 4,5%-ға азайды. Теңгемен кредиттердің үлес салмағы 2020 жылғы ақпанның соңында 84,3%-ды (2019 жылғы желтоқсанда – 83,4%-ды) құрады.

Ұзақ мерзімді кредиттер көлемі бір айда 11 857,9 млрд теңгеге дейін 0,8%-ға ұлғайды, қысқа мерзімді кредиттер көлемі 1 949,3 млрд теңгеге дейін 2,0%-ға ұлғайды.

Шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу 2020 жылғы ақпанда 2 044,8 млрд теңгеге дейін (экономикаға кредиттердің жалпы көлемінің 14,8%-ы) 0,4%-ға азайды.

Салалар бойынша бөлгенде банктердің экономикаға кредиттерінің айтарлықтай маңызды сомасы өнеркәсіп (жалпы көлемдегі үлесі – 13,2%), сауда (12,5%), құрылыс (4,6%) және көлік (3,5%) сияқты салаларға тиесілі.

2020 жылғы ақпанда банктік емес заңды тұлғаларға ұлттық валютамен берілген кредиттер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 12,0%-ды (2019 жылғы ақпанда – 12,4%), жеке тұлғаларға – 19,0%-ды (18,2%) құрады.

7. 2020 жылғы ақпанның қорытындысы бойынша төлем жүйелері

2020 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының аумағында 16 төлем жүйесі, оның ішінде Ұлттық Банктің төлем жүйелері, ақша аударымдары жүйелері, төлем карточкалары жүйелері жұмыс істейді.

2020 жылғы ақпанда Ұлттық Банктің төлем жүйелері (Банкаралық ақша аудару жүйесі мен Банкаралық клиринг жүйесі) арқылы 57,1 трлн теңге сомаға 4,2 млн транзакция жүргізілді (2020 жылғы қаңтармен салыстырғанда төлемдердің саны бойынша өзгеріс 44,5% болды ал сомасы 1,5-ға ұлғайды). Орташа алғанда бір күн ішінде аталған төлем жүйелері арқылы 2,8 трлн теңге сомаға 211,6 мың транзакция жүргізілді.

2020 жылғы ақпанда Қазақстан эмитенттерінің төлем карточкаларын пайдалана отырып жүргізілген операциялардың көлемі 3,2 трлн теңге сомада 192,2 млн транзакцияны құрады (2020 жылғы қаңтармен салыстырғанда транзакциялардың саны 14,9%-ға, сомасы 13,7%-ға ұлғайды). Қазақстан эмитенттерінің төлем карточкаларын пайдалана отырып жүргізілген операциялардың жалпы құрылымында қолма-қол ақшасыз жасалған төлемдер үлесі саны бойынша 85,7%-ға дейін (2020 жылғы қаңтарда – 85,1%), көлемі бойынша 60,2%-ға дейін (59,3%) болды.

2020 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасында төлем карточкаларының шығарылымын 22 банк пен «Қазпошта» АҚ жүзеге асырды, эмиссияланған және таратылған төлем карточкаларының жалпы саны 35,0 млн бірлік болды, олардың ішінен 2020 жылғы ақпанда 57,0% пайдаланылды.

2020 жылғы ақпанда халықаралық ақша аудару жүйелері арқылы жіберілген ақша аударымдарының жалпы көлемі 47,1 млрд теңге сомаға 0,2 млн аударымды құрады.

2020 жылғы қаңтармен салыстырғанда ақша аударымдары көлемі 8,3%-ға ұлғайды. Қазақстаннан тыс жерлерге жөнелтілген аударымдардың жалпы көлемінен транзакциялардың жалпы санынан 80,7% (0,2 млн транзакция) және жалпы сомасынан 93,1% (43,8 млрд теңге) жіберілді. Қазақстан бойынша ақша аударым жүйелері арқылы ақша аударымдарының жалпы санынан 19,3% (0,04 млн транзакция) және жалпы сомасынан 6,9% (3,2 млрд теңге) жүргізілді. Шетелден халықаралық ақша аударымдар жүйелері арқылы 21,7 млрд теңге сомаға 0,1 млн транзакция алынды.

8. 2020 жылғы ақпанның қорытындысы бойынша зейнетақы жүйесі

Салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтары 2020 жылғы қаңтар-ақпан айларында 283,2 млрд теңгеге немесе 2,6%-ға ұлғайып, 2020 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша 11 083,8 млрд теңгені құрады.

2020 жылғы қаңтар-ақпан айларында зейнетақы активтерін инвестициялаудан түскен «таза» пайда 139,9 млрд теңгеге ұлғайып, 2020 жылғы 1 наурызда 4 473,6 млрд теңгеге дейін өсті.

Міндетті зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың жеке зейнетақы шоттарының саны (зейнетақы жинақтары жоқ ЖЗШ есептегенде) 2020 жылғы 1 наурызда 10,1 млн шотты құрады.

2020 жылғы қаңтар-ақпан айларында зейнетақы төлемдерінің сомасы 32,1 млрд теңге болды.

2020 жылғы 1 наурызда БЖЗҚ-ның жиынтық инвестициялық портфелінің негізгі үлесін ҚР мемлекеттік бағалы қағаздары және ҚР эмитенттерінің мемлекеттік емес бағалы қағаздары (зейнетақы активтерінің жалпы көлемінен тиісінше 42,5% және 28,1%) құрайды.

Жоғарыға