Базалық мөлшерлеме бойынша 2027 жылы қабылданатын шешімдер туралы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2027 жылға арналған базалық мөлшерлеме бойынша шешімдер кестесін бекітті. Жоспар бойынша келесі жылы базалық мөлшерлеме бойынша 8 шешім, оның 4-і болжамды раундтың нәтижелері негізінде қабылданады.
Базалық мөлшерлеме бойынша шешімдер аптаның соңғы жұмыс күні Астана уақытымен сағат 12:00-де жарияланып, келесі аптаның бірінші жұмыс күнінен бастап күшіне енеді.
2027 жылы базалық мөлшерлеме бойынша шешімдер мына күндері жарияланады:
- 22 қаңтар
- 12 наурыз
- 23 сәуір
- 11 маусым
- 23 шілде
- 10 қыркүйек
- 22 қазан
- 10 желтоқсан
Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері телефон арқылы ала алады:
+7 (7172) 775 210
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz