«Nb (ниобий)» коллекциялық монетасын айналысқа шығару туралы
Қазақстан Ұлттық Банкі (бұдан әрі – ҚҰБ) «Қазақстанның жер қойнауы» сериясынан «Nb (ниобий)» коллекциялық монетасын айналысқа шығарады.
Коллекциялық монеталар 2026 жылғы 12 қазаннан бастап ҚҰБ https://kazcoins.nationalbank.kz интернет-дүкені арқылы сатылады.
Коллекциялық монета туралы
Ниобий – сирек кездесетін металл, атом нөмірі – 41. Ол металлургияда, электроникада, сондай-ақ аэроғарыш пен атом өнеркәсібінде қолданылады. Монета атауы ежелгі грек мифологиясының кейіпкері және Танталдың қызы Ниобаның есімімен аталады.
925 сынамалы күмістен жасалған монетаға ниобий орнатылған. Салмағы – 32,8 грамм (925 күмісінің салмағы – 31,1 грамм, ниобий элементінің салмағы – 1,7 грамм), диаметрі – 38,61 мм, дайындау сапасы – рrооf, номиналы – 1 000 теңгелік, таралымы – 1 000 (бір мың) дана.
Монетаның бейнесі
Коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өзінің белгіленген құнына сай төлемнің барлық түрі бойынша, сондай-ақ елдегі барлық банкте банк шотына есепке алуға, аударуға, ұсақтауға және айырбастауға жатады.
Монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды.
БАҚ өкілдері толығырақ ақпаратты телефон арқылы ала алады:
+7 (7172) 77 52 10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz