«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯСЫ» коллекциялық монеталарын айналысқа шығару туралы
Қазақстан Ұлттық Банкі (бұдан әрі – ҚҰБ) «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясынан «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯСЫ» коллекциялық монеталарын айналысқа шығарады.
Коллекциялық монеталар ҚҰБ-тың https://kazcoins.nationalbank.kz интернет-дүкені арқылы 2026 жылғы 19 тамыздан сатыла бастайды.
Коллекциялық монета туралы
Монета 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясына арналып отыр. Жаңа Ата заң 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне еніп, еліміздің конституциялық дамуындағы жаңа кезеңнің іргетасын қалады.
Алтын жалатылған монета 925 сынамалы күмістен жасалған, массасы 31,1 грамм, диаметрі 35х45 мм, дайындау сапасы – «рrооf», номиналы 1 000 теңгелік, таралымы – 1 000 (бір мың) дана.
Монетаның бейнесі

Коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өзінің белгіленген құнына сай барлық төлем түрінде қабылдауға, сондай-ақ елдің барлық банкінде банк шоттарына есепке алуға, аударуға, ұсақтауға және айырбастауға жатады.
Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды.
Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері телефон арқылы ала алады:
+7 (7172) 77-52-10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz