1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

Коллекциялық монеталарды айналымға шығару туралы

Қазақстан Ұлттық Банкі (бұдан әрі – ҚҰБ) «Сиқырлы нышандар» сериясынан «TÁŃIRLIK KÚNTIZBE», «Күн жүйесінің планеталары» сериясынан «MERCURY» және «Қазақстанның жер қойнауы» сериясынан «Zn (мырыш)» коллекциялық монеталарын айналымға шығарады.

Монеталардың сатыла бастайтын күні туралы ҚҰБ ресми сайтында қосымша хабарланады.

«TÁŃIRLIK KÚNTIZBE» коллекциялық монетасы туралы

Монетаның ортасында әрбір жыл белгілі бір жануармен айқындалатын тәңірлік мифологиясындағы 12 жылдық цикл – «Мүшел» символы ретінде түйе бейнеленген. Мифтерде түйенің денесі циклдегі барлық жануарға ұқсас. Тәңірлік танымның үш бөліктен тұруы монетаның жоғарғы бөлігінде құстар, төменгі бөлігінде балықтар және монетаның ортасында орта әлем түрінде көрсетіледі. Монета «Мүшел» деп аталатын он екі жылдық бес циклден құралатын толық алпыс екі жылдық цикл – «Толық мүшелдегі» жылдарды және оларға сәйкес келетін жануарларды айқындауға мүмкіндік беретін екі айналмалы бөліктен тұрады.

Монета 925 сынамадағы күмістен соғылған. Монетаның салмағы – 100 грамм, диаметрі – 50 мм, дайындау сапасы – antique silver, номиналы – 1000 теңгелік, таралымы – 500 (бес жүз) дана.

Монетаның бейнесі

1000 тг.png

«MERCURY» коллекциялық монетасы туралы

«MERCURY» – «Күн жүйесінің планеталары» атты жаңа монеталар сериясындағы алғашқы монета. Дизайнның орталық элементі – көлемді тантал қондырма түрінде орындалған Меркурий планетасы. Күн жүйесінің басқа планеталарының орбиталары орталық элементтің айналасына орналастырылған. Монетада алтын жалатылған күмістен жасалған күн бейнесіндегі өрнектелген шеңбер көмкерілген.
Монета тантал қондырмасымен, алтын жалату технологиясын қолдана отырып 925 сынамадағы күмістен соғылған. Монетаның салмағы – 35 грамм, диаметрі – 38,61 мм, дайындау сапасы – proof, номиналы – 1000 теңгелік, таралымы – 1000 (бір мың) дана.

Монетаның бейнесі

1000 + .png

«Zn (мырыш)» коллекциялық монетасы туралы

Монетада мырышты инновациялық орнату арқылы елдің байлығына баса назар аударылады. Дизайнда атомдық құрылымның және Менделеев кестесінің элементтері, сондай-ақ контраст үшін оксидтелген күміс қамтылады.

Монета мырыш қондырмасы бар 925 сынамадағы күмістен соғылған. Монетаның массасы – 32,5 грамм, диаметрі – 38,61 мм, дайындау сапасы – black-proof, номиналы – 1000 теңгелік, таралымы – 2000 (екі мың) дана.

Монетаның бейнесі

1000 ++ .png

Монеталардың барлық түрі Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өзінің белгіленген құнымен төлемдердің барлық түрлері бойынша қабылдануға, сондай-ақ елдің барлық банктерінде банк шоттарына есепке алынуға және аударуға, ұсақталуға және айырбасталуға міндетті.

Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды.

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы алуына болады:
+7 (7172) 77 52 10
e-mail: press@nationalbank.kz 
www.nationalbank.kz 

Жоғарыға