Базалық мөлшерлеме бойынша 2026 жылы қабылданатын шешімдер туралы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі базалық мөлшерлеме бойынша 2026 жылы қабылданатын шешімдер кестесін бекітті. Келесі жылы базалық мөлшерлеме бойынша 8 шешім қабылдау жоспарда тұр, оның 4-уі болжам раунды нәтижелеріне сай қабылданады.
Базалық мөлшерлеме бойынша шешімдер аптаның соңғы жұмыс күні Астана уақытымен сағат 12:00-де жарияланады және келесі аптаның бірінші жұмыс күнінен бастап күшіне енеді.
2026 жылы базалық мөлшерлеме бойынша шешімдер мына күндері жарияланады:
- 23 қаңтар
- 6 наурыз
- 24 сәуір
- 5 маусым
- 24 шілде
- 4 қыркүйек
- 23 қазан
- 4 желтоқсан
Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
+7 (7172) 775 210
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz