MYSYRLYQ TANYM коллекциялық монеталарын айналысқа шығару туралы
Қазақстан Ұлттық Банкі (бұдан әрі – ҚҰБ) «Жаратылыс сырлары» монеталар сериясынан MYSYRLYQ TANYM коллекциялық монеталарын айналысқа шығарады.
Монеталар 2025 жылғы 3 желтоқсаннан бастап ҚҰБ-тың https://kazcoins.nationalbank.kz интернет-дүкені арқылы сатылады.
Коллекциялық монеталар туралы
MYSYRLYQ TANYM монетасының дизайны ежелгі Мысыр мен қазіргі заманғы дүниетанымды біріктіреді. Монетаның тантал бөлігінде – Мысыр құдайлары, күміс бөлігінде – технология символдары мен олардың трансформациясы бейнеленген.
Бірнеше құрамнан тұратын MYSYRLYQ TANYM коллекциялық монетасында күрделі технология қолданылған. 925 сынамалы күмістен жасалған монетаның тантал қондырмасы бар. Монетаның жалпы массасы – 162,2 грамм, дайындау сапасы – «proof», номиналы – 2000 теңгелік, дайындау таралымы – 400 (төрт жүз) дана.

Коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өздерінің белгіленген құнына сай төлемдердің барлық түрі бойынша қабылдануға, сондай-ақ елдің барлық банкінде банк шоттарына есепке алынуға, аударуға, ұсақталуға және айырбасталуға жатады.
Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды.
Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
+7 (7172) 77 52 10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz