ҚҰБ S. NURMAGAMBETOV. 100 JYL және ALEXANDER THE GREAT коллекциялық монеталарын айналысқа шығарады
Қазақстан Ұлттық Банкі (бұдан әрі – ҚҰБ) «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясынан S. NURMAGAMBETOV. 100 JYL және «Ұлы қолбасшылар» сериясынан ALEXANDER THE GREAT коллекциялық монеталарын айналысқа шығарады.
Монеталардың сатылымға шығатын күні туралы ақпарат ҚҰБ ресми сайтында қосымша орналастырылады.
S. NURMAGAMBETOV. 100 JYL коллекциялық монеталары туралы
Монета Қазақстанның тұңғыш қорғаныс министрі және Халық Қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетовке арналған. Монетаның дизайнында оның портреттік бейнесі қолданылған.
Монета мельхиор (МН 25) қоспасынан дайындалған. Массасы – 15 грамм, диаметрі – 33 мм, дайындау сапасы – brilliant uncirculated, номиналы – 200 теңге, таралымы – 5000 (бес мың) дана.
Монетаның бейнесі

ALEXANDER THE GREAT коллекциялық монеталары туралы
Монета ежелгі әлемдегі ең үлкен империялардың бірін құра алған Ескендір Зұлқарнайын қолбасшыға (б.з. дейін 356 – 323) арналған.
Монета 925 сынамды күмістен дайындалған. Массасы – 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 мм, дайындау сапасы – proof, номиналы – 1 000 теңге, таралымы – 2000 (екі мың) дана.
Монетаның бейнесі

Коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өздерінің белгіленген құнына сай төлемдердің барлық түрі бойынша қабылдауға, сондай-ақ елдің барлық банкінде банк шоттарына есепке алуға, аударуға, ұсақтауға және айырбастауға жатады.
Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды.
Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
+7 (7172) 77 52 10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz