1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

2025 жылғы базалық мөлшерлеме бойынша шешімдер туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі келесі жылға арналған базалық мөлшерлеме бойынша шешімдер кестесін бекітті. Алдағы жылы базалық мөлшерлеме бойынша 8 шешім қабылдау жоспарланып отыр. Оның 4-уі болжамды раундтың нәтижелері негізінде қабылданатын болады.

Базалық мөлшерлеме бойынша шешімдер аптаның соңғы жұмыс күні Астана уақыты бойынша сағат 12:00-де жарияланады және келесі аптаның бірінші жұмыс күнінен бастап күшіне енеді.

2025 жылы базалық мөлшерлеме бойынша шешімдер келесі күндері жарияланады:

  • 17 қаңтар
  • 7 наурыз
  • 11 сәуір
  • 5 маусым
  • 11 шілде
  • 29 тамыз
  • 10 қазан
  • 28 қараша

БАҚ өкілдері толығырақ ақпаратты мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға