1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

Ұлттық Банк макропруденциялық саясат туралы тұжырымдамалық құжатты жариялады

Қазақстан Ұлттық Банкі (ҚҰБ) қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу жөніндегі мандат аясында «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің макропруденциялық саясаты туралы» тұжырымдамалық құжатты (бұдан әрі – Макропруденциялық саясат) жариялады.

Ұлттық Банк бұл құжатты үздік халықаралық тәжірибені, сондай-ақ ХВҚ мен Жүйелік тәуекелдер жөніндегі Еуропалық Кеңес ұсынымдарын ескере отырып әзірлеп отыр және ҚР Қаржылық тұрақтылық жөніндегі кеңесімен мақұлданды.

Құжат аясында реттеуші Ұлттық Банктің макропруденциялық саясат саласындағы қалыптастыру, іске асыру және коммуникация жөніндегі пайымдауы мен тәсілдерін ұсынады.

Сонымен қатар, Саясат жүйелік тәуекелдердің мониторингін жүзеге асыруға бағытталған негізгі макропруденциялық индикаторлардан тұрады. Бұл параметрлер банк секторының негізгі тәуекелдерін сипаттайтын макроэкономикалық, фискалдық және әлеуметтік көрсеткіштерді қамтиды. Ұлттық Банк макропруденциялық индикаторларды мерзімді негізде орналастыруды жоспарлап отыр.

Макропруденциялық саясаттың толық мәтінімен ҚҰБ ресми интернет-порталында таныса аласыз.

Толығырақ ақпаратты мына телефон арқылы алуға болады:
+7 (7172) 77 52 10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға