1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

AI•KÚN және TÚIE коллекциялық монеталарын айналымға шығару туралы  

Қазақстан Ұлттық Банкі (бұдан әрі – ҚҰБ) «Сиқырлы нышандар» сериясынан AI•KÚN және «Көшпенділердің ғибадат жануарлары – тотемдері» сериясынан TÚIE коллекциялық монеталарын айналымға шығарады.

Монеталардың сатылымға шығатын күніне қатысты қосымша ақпарат ҚҰБ ресми сайтында жарияланады.

AI•KÚN коллекциялық монеталары туралы

Дизайн қарама-қайшылықтар бірлігі түсінігіне негізделген. Күн батылдық пен белсенділікті білдірсе, ай тыныштық пен шығармашылықтың символы болып табылады.   

- монета жоғары бедерлі, алтын жалатылған және екі жақты тотығу технологиясы қолданылған, күміс сынамасы – 925/1000, массасы – 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 мм, сапасы –  black proof, номиналы – 500 теңге, таралымы – 3 000 (үш мың) дана.

Монета бейнесі

 

TÚIE коллекциялық монеталары туралы

TÚIE – «Көшпенділердің ғибадат жануарлары – тотемдері» сериясымен шығып жатқан алтыншы монета. Оның дизайнында сақ стилінде бейнеленген жануардың натуралистік және трафареттік көрінісі біріктірілген.

Көшпенділер мәдениетінде түйе адамгершілік пен тәуелсіздік, күш-жігер мен төзімділіктің бейнесі саналады.

Монеталар 3 түрде дайындалды:

- 925/1000 сынамалы күмістен, массасы – 25 oz (777,5 грамм), диаметрі – 100 мм, диаметрі 2 мм гауһар орнатылған, сапасы – proof, номиналы – 5 000 теңге, таралымы – 200 дана;

Номиналы 5 000 теңгелік күмістен жасалған монетаның бейнесі  

- 925/1000 сынамалы күмістен, массасы – 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 мм, диаметрі
1 мм гауһар орнатылған, сапасы – proof, номиналы – 500 теңге, таралымы – 5 000 дана;

Номиналы 500 теңгелік күмістен жасалған монетаның бейнесі  

- мельхиор (МН 25) қоспасынан, массасы – 15 грамм, диаметрі – 33 мм, сапасы –  рrооf-like, номиналы – 200 теңге, таралымы – 10 000 (он мың) дана;

Рrооf-like сапасымен мельхиордан жасалған монетаның бейнесі   

- мельхиор (МН 25) қоспасынан, массасы – 11,17 грамм, диаметрі – 31 мм, сапасы – brilliant uncirculated, номиналы – 200 теңге, таралымы – 30 000 дана.

Brilliant uncirculated сапасымен мельхиордан жасалған монетаның бейнесі

 

Коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында белгіленген құнына сай төлемнің барлық түрі бойынша қабылдануға, сондай-ақ елдің барлық банкінде банк шоттарына есепке алынуға, аударуға, ұсақталуға және айырбасталуға жатады.

Күмістен жасалған AI•KÚN және TÚIE монеталары мемлекеттік, орыс және ағылшын тілінде ҚҰБ нөмірлік сапа сертификаттарымен кәдесый қаптамасында шығарылады.

Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды.

Пайдаланушы үшін «Қазақстан монеталары» мобильді қосымшасы да жұмыс істейтінін еске сала кетейік. Онда монеталарға қысқаша сипаттама беріліп, сериялар бойынша тақырыптық бөлімдерге бөлінген. Яғни, ҚҰБ шығаратын монеталар туралы ақпарат толықтай қамтылған. Жекелеген монеталар бойынша бейнероликтерге, монеталардың 3D-суреттеріне, сондай-ақ толықтырылған шынайылық элементтеріне сілтеме берілген.

Мобильді қосымшаны PlayMarket пен AppStore дүкендерінен қосымша жүктеуге болады.

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы алуына болады:
+7 (7172) 77 52 10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

901.47 Кб
Жарияланған күні:
Жоғарыға