1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Jar-Jar және Kelоğlan коллекциялық монеталарын айналымға шығару туралы

Қазақстан Ұлттық Банкі (бұдан әрі – ҚҰБ) 2023 жылғы 13 желтоқсанда Jar-Jar және Kelоğlan коллекциялық монеталарын айналымға шығарады.

Монеталар https://kazcoins.nationalbank.kz интернет-дүкені арқылы 2023 жылғы 15 желтоқсаннан бастап сатылады. 

Jar-Jar монетасы туралы:

«Қазақстанның әдет-ғұрыптары, ұлттық ойындары» сериясымен шығатын монеталар қалыңдықты ұзату тойы аяқталып, оң босағадан аттанар алдында орындалатын қазақ халқының ежелден келе жатқан жар-жар әніне арналады.

Монеталар:

- күмістен жасалған, сынамасы – 925/1000, салмағы 24 грамм, диаметрі 37 мм, дайындау сапасы – proof, номиналы 500 теңгелік, таралымы – 3 000 (үш мың) дана;

Күміс монеталардың бейнесі

- МН 25 мельхиор қоспасынан жасалған, массасы 15 грамм, диаметрі 33 мм, дайындау сапасы – brilliant uncirculated, номиналы 200 теңгелік, таралымы – 10 000 (он мың) дана;

Мельхиордан жасалған монеталардың бейнесі 

- МНЦ 15-20 нейзильбер қоспасынан жасалған, массасы 11,17 грамм, диаметрі 31 мм, дайындау сапасы – uncirculated, номиналы 200 теңгелік, таралымы – 50 000 (елу мың) дана.

Нейзильберден жасалған монеталардың бейнесі 

Kelоğlan монетасы туралы:

Бұл монета Қазақстан аумағын мекендейтін көптеген диаспораның халық ертегілерін ұсынатын «Қазақстан халқының ертегілері» сериясын жалғастырады.

Kelоğlan – түрік мифологиясы мен халық мәдениетіндегі батыл да ақылды әрі жанашыр сиқыршы.

Монеталар:

- күмістен жасалған, сынамасы – 925/1000, эмаль жағу технологиясы қолданылған, салмағы 24 грамм, диаметрі 37 мм, дайындау сапасы – proof, номиналы 500 теңгелік, таралымы – 2 000 (екі мың) дана;

Күміс монеталардың бейнесі

- МН 25 мельхиор қоспасынан жасалған, массасы 15 грамм, диаметрі 33 мм, дайындау сапасы – brilliant uncirculated, номиналы 200 теңгелік, таралымы – 10 000 (он мың) дана;

Мельхиордан жасалған монеталардың бейнесі 

- МНЦ 15-20 нейзильбер қоспасынан жасалған, массасы 11,17 грамм, диаметрі 31 мм, дайындау сапасы – uncirculated, номиналы 200 теңгелік, таралымы – 50 000 (елу мың) дана.

Нейзильберден жасалған монеталардың бейнесі 

Коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өзінің белгіленген құнына сай төлемдердің барлық түрі бойынша қабылдануға, сондай-ақ елдің барлық банкінде банктік шоттарға есепке алынуға, аударуға, ұсақталуға және айырбасталуға жатады.

Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды.

Пайдаланушылар үшін «Қазақстан монеталары» мобильді қосымшасы да жүктеуге қолжетімді екенін еске сала кетейік. Онда қысқаша сипаттамасы бар сериялар бойынша тақырыптық бөлімдерге бөлінген ҚҰБ шығаратын барлық монета туралы ақпарат қамтылған. Кейбір монеталар туралы бейнероликтерге, 3D-суреттеріне сілтеме берілген.

Мобильді қосымшаны PlayMarket және AppStore дүкендерінен тегін жүктеуге болады.

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
+7 (7172) 77 52 10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

 

Жоғарыға