1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

QORQYT ATA коллекциялық монеталарын айналымға шығару туралы

Қазақстан Ұлттық Банкі (бұдан әрі – ҚҰБ) 2023 жылғы 1 қыркүйекте «Дала қазынасы» сериясынан QORQYT ATA коллекциялық монеталарын айналымға шығарады.

Монеталар 2023 жылғы 4 қыркүйектен бастап ҚҰБ-тың https://kazcoins.nationalbank.kz интернет-дүкені арқылы сатылады.

QORQYT ATA коллекциялық монеталары туралы

Қорқыт ата – қобыз атасы деп танылады, жыршы, музыкант әрі композитор. Аңыз бойынша, Қорқыт Сырдария даласынан шыққан және VIII-IX ғасырларда өмір сүрген. 1980 жылы Қызылорда қаласында «Қорқыт ата» мемориалдық кешені салынды. Мәдени мұра ретінде ресми түрде ЮНЕСКО тізіміне енгізіліп, 2018 жылғы 28 қарашадан бастап мемлекеттің қорғауына алынды.

QORQYT ATA монетасы күмістен дайындалған, сынамасы – 925/1000. Массасы 24 грамм, диаметрі 37 мм, дайындау сапасы – proof, номиналы 500 теңгелік, таралымы – 5 000 (бес мың) дана.

Коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өзінің белгіленген құнына сай төлемнің барлық түрі бойынша қабылдануға жатады. Еліміздің барлық банкінде банк шоттарына есепке алынуға және аударылуға, ұсақталуға және айырбасталуға тиіс.

Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды.

Еске сала кетейік, сайт пайдаланушылары «Қазақстан монеталары» мобильді қосымшасын жүктеп алуына болады. Онда қысқаша сипаттамасы бар сериялар бойынша тақырыптық бөлімдерге бөлінген ҚҰБ-тың барлық монетасына қатысты ақпарат бар. Жекелеген монеталар бойынша бейнероликтерге сілтеме, монеталардың 3D бейнесі, сондай-ақ толықтырылған шынайылық элементтері орналастырылған.

Мобильді қосымшаны PlayMarket пен AppStore дүкендерінен тегін жүктеп алуға болады.

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
+7 (7172) 77 52 10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға