1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

ASTANA. 25 JYL коллекциялық монеталарын айналымға шығару туралы

Қазақстан Ұлттық Банкі (бұдан әрі – ҚҰБ) 2023 жылғы 1 шілдеде елорданың мерейтойына орай «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясынан ASTANA. 25 JYL коллекциялық монеталарын айналымға шығарады.

Монеталар 2023 жылғы 3 шілдеден бастап ҚҰБ-тың https://kazcoins.nationalbank.kz интернет-дүкені арқылы сатылады.

«Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясынан ASTANA. 25 JYL коллекциялық монеталары туралы

ASTANA. 25 JYL монеталары МН 25 мельхиор қоспасынан дайындалған. Массасы 15 грамм, диаметрі 33 мм, дайындау сапасы brilliant uncirculated, номиналы 100 теңгелік, таралымы 20 000 (жиырма мың) дана.

Коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өзінің белгіленген құнымен төлемнің барлық түрі бойынша қабылдануға, сондай-ақ елдің барлық банкінде банк шоттарына есепке алынуға, аударылуға, ұсақталуға және айырбасталуға жатады.

Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды.

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
+7 (7172) 77 52 10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға