1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

2023 жылғы базалық мөлшерлеме бойынша шешімдер туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі келесі жылға арналған базалық мөлшерлеме бойынша шешімдер кестесін бекітті. Алдағы жылы базалық мөлшерлеме бойынша 8 шешім қабылдау жоспарланып отыр. Оның 4 (төртеуі) болжамды раундтың нәтижелері негізінде қабылданатын болады.

2023 жылы базалық мөлшерлеме бойынша шешімдер аптаның соңғы жұмыс күні жарияланады. Осылайша, шешім келесі аптаның алғашқы жұмыс күнінен бастап күшіне енеді.

2023 жылы базалық мөлшерлеме бойынша шешімдер келесі күндері жарияланады:

  • 13 қаңтар
  • 24 ақпан
  • 7 сәуір
  • 26 мамыр
  • 5 шілде
  • 25 тамыз
  • 6 қазан
  • 24 қараша

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері келесідей телефон арқылы алуына болады:
+7 (7172) 775 210
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға