1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

IV бап бойынша ХВҚ-мен өткен консультацияның қорытындысы туралы

2022 жылғы 14 желтоқсанда Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) 2022 жылғы 22 қыркүйек пен 5 қазан аралығында өткен консультация қорытындысы бойынша Персонал есебін (Staff Report) жариялады.

Ұлттық Банк Үкіметпен бірлесіп макроэкономикалық тұрақтылықты сақтау және экономиканы қолдау жөнінде шаралар кешенін қабылдады.

Қазақстанның сыртқы резервтерінің ауқымды көлемі мен уақытында қабылданған шаралар сыртқы күйзелістерді, соның ішінде Украинадағы жағдайдың салдарын жұтуға ықпал етті.

ХВҚ миссиясы айырбастау бағамының икемділігіне қатысты Ұлттық Банктің ұстанымына оң баға берді.  

Инфляциялық таргеттеу режимін ұстануға кеңес беріледі. Ұлттық Банк өз қызметіне тән емес міндеттерді орындаудан біртіндеп бас тартып, дербестігін нығайта түсуді қамтамасыз етуге тиіс.

Орталық банктің цифрлық валютасын (CBDC)  енгізу айтарлықтай артықшылықтарды қамтамасыз ете алады және әлеуетті тәуекелдерді тұрақты бағалауды талап етеді.

ХВҚ бағалауы бойынша, банк секторы халықаралық санкциялардың салдарын табысты еңсерді. Қаржылық реттеуді күшейтуге оң баға алды.

Банктерде мол капитал бар екені, ал депозиттердің долларлануы төмендеп келе жатқаны аталды. Активтердің сапасына және қадағалау стресс-тесттеріне тұрақты шолулар енгізу тәуекелдерді басқарудың ұтымды тәжірибесі мен банктік дағдарыс тәуекелін төмендету жолындағы маңызды қадам болып табылады.

Экономикалық орнықтылықты қамтамасыз ет үшін ХВҚ мемлекетті басқаруды жетілдіруге, экономиканы әртараптандыруға және жеке сектордың рөлін арттыруға ерекше назар аударуды ұсынды.

2023 жылы күшіне енетін Бюджеттік қағида барынша сараланған және контрциклді салық-бюджет саясатын жүргізуге жәрдемдеседі. 2023 жылы жүйелі бюджеттік шоғырландыру инфляцияны тежеуге және қажетті әлеуметтік шығысты сақтаған кезде сыртқы буферлерді қолдауға ықпал етуге тиіс.

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы алуына болады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға