1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

MUHTAR ÁÝEZOV. 125 JYL коллекциялық монеталарын айналымға шығару туралы

Қазақстан Ұлттық Банкі (бұдан әрі – ҚҰБ) MUHTAR ÁÝEZOV. 125 JYL коллекциялық монеталарын айналымға шығарады. Бұл монеталар «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясын жалғастырады.

Монеталардың сатылымға түсетін күніне қатысты ақпарат ҚҰБ-тың ресми сайтында қосымша хабарланады.

MUHTAR ÁÝEZOV. 125 JYL коллекциялық монеталары туралы

Биыл 28 қыркүйекте қазақ жазушысы, әдебиеттанушы ғалым, драматург Мұхтар Әуезовтің туғанына 125 жыл толды.

Номиналы 500 теңгелік монеталар:

- күміс монетаның сапасы – proof, массасы – 24 грамм, диаметрі – 37 мм, таралымы – 2 000 дана.

 Номиналы 100 теңгелік монеталар:

- мельхиор қоспасынан дайындалған монетаның сапасы – brilliant uncirculated, массасы – 15 грамм, диаметрі – 33 мм, таралымы – 20 000 дана.

Коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өзінің белгіленген құнына сай төлемнің барлық түрі бойынша қабылдануға, еліміздегі банктерде шотқа есепке алынуға, аударылуға, ұсақталуға және айырбасталуға жатады.

Күмістен жасалған монеталар мемлекеттік тілде, орыс және ағылшын тілдерінде ҚҰБ-тың нөмірлі сапа сертификаты бар кәдесый орамында болады. Мельхиор қоспасынан жасалған монеталар жеке блистерлік орамда шығарылады.

Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды.

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы алуына болады:
+7 (7172) 77-52-10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға