1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

№9 баспасөз релизі. IV бапқа қатысты консультация қорытындысы бойынша ХВҚ Ұлттық Банктің инфляциялық таргеттеу саясатындағы ұстанымын оң бағалады

2021 жылдың 4-17 қараша аралығында Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) Қазақстандағы Миссия басшысы Николя Бланше бастаған ХВҚ-ның IV бап бойынша Миссиясының сапары өтті. Консультация қорытындысы бойынша 2022 жылдың 21 наурызында ХВҚ 2022 жылғы 11 сәуірде жарияланған Персонал есебіне (Staff Report) қатысты жұмысты аяқтады.

ХВҚ атап өткендей, Қазақстанның орнықты фискалдық жағдайы, сыртқы резревтерінің едәуір көлемі және пандемияға дер кезінде ден қоюы сыртқы күйзелістерді абсорсиялауда және кейіннен экономикалық белсенділікті қалпына келтіруде маңызды рөл атқарды. Бұл 2021 жылы ЖІӨ-нің нақты 4% өсуіне және экономиканың пандемияға дейінгі өсу траекториясына оралуына әкелді.

Бұл ретте, қазіргі геосаяси шиеленіс жағдайында Ресейге қатысты санкциялардың қайталама әсері Қазақстанның экономикалық өсуіне әсер ететін болады және 2022 жылы инфляциялық қысымды күшейтеді. Бұл жағдай жалғасып жатқан пандемиямен және әлеуметтік шиеленістің шиеленісуімен қатар, елдің экономикалық дамуына қатысты негізгі белгісіздікті тудырады. Осылайша, ХВҚ 2022 жылы Қазақстанның ЖІӨ-нің өсуі 2,3%-ға дейін төмендеуін болжайды. ХВҚ сарапшылары ұзақ мерзімді перспективада экономиканың тұрақты өсуі экономикалық әртараптандыруды және оның ішінде климаттың өзгеруіне байланысты қатаң шараларды қажет етеді деп атап өтті.

ХВҚ-ның пікірінше, сыртқы тұрақсыздық пен инфляциялық қысымның артуына байланысты Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені көтерді, бұл қажет болған жағдайда ақша-кредит саясатын одан әрі қатайту мүмкіндігі туралы сигнал берген болатын. Инфляциялық қысым мен фискалдық ынталандыруды ескере отырып, ХВҚ Ұлттық Банктің ақша-кредит саясатын орташа қатаң және негізделген деп бағалады. Инфляция 2022 жылғы ақпанда, негізінен, азық-түлік бағасының өсуі есебінен 8,7%-ға жетті, бұл Ұлттық Банк белгілеген 4-6% дәлізінен жоғары. Бұл ретте ХВҚ болжамдарына сәйкес 2022 жылы инфляция жоғары болады, алайда орта мерзімді перспективада оның 4% деңгейіне дейін төмендеуі күтіледі.

ХВҚ Ұлттық банктің инфляциялық таргеттеу саясатына бейілділігін қолдайды және инфляциялық таргеттеудің толыққанды режиміне көшу, транспаренттілікті жақсарту, ақша-кредит саясатының тәуелсіздігін және коммуникация тиімділігін арттыру, сондай-ақ орталық банктің талдамалық әлеуетін дамыту жөніндегі жұмысты оң бағалайды. Атап айтқанда, ХВҚ АКС-ның 2030 жылға дейінгі Стратегиясын атап өтті, оның негізгі міндеті инфляцияны 2025 жылға қарай 3-4%-дағы одан ары төменірек диапазонға дейін төмендету болып табылады. ХВҚ АКС комитетін құру, базалық мөлшерлеме бойынша шешімдерді ақпараттандыру және түсіндіру, валюталық операцияларды жариялау, сондай-ақ консультациялар мен техникалық көмек тарту аясында ХВҚ-мен тұрақты екіжақты диалог аталған оң өзгерістердің негізгі драйвері болып саналатынын атап өтті.

Ақша-кредит саясатының тиімділігін одан әрі арттыру талдамалық әлеует пен коммуникацияларды тұрақты жақсартуды, капиталдың ішкі нарығын дамытуды, долларлану деңгейін төмендетуді, дербестік пен Ұлттық Банктің саясатына сенімділікті одан әрі арттыруды, оның ішінде экономиканы қолдау бағдарламаларынан шығуды талап етеді. ХВҚ сарапшылары ақша-кредит және салық-бюджет саясатын үйлестіруді жақсарту инфляцияны тежеуге де ықпал етеді деп санайды. ХВҚ мемлекеттік органдардың салық-бюджет саясатын анағұрлым контрциклді ету және фискалдық тұрақтылықты қамтамасыз ету мен ұрпақтар арасында әл-ауқатты әділ бөлу мақсатында жаңа бюджеттік ережелерді іске асыру ниетін қолдайды.

ХВҚ сарапшылары сондай-ақ қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін қаржы нарығын қадағалау мен реттеуді одан әрі күшейтудің маңыздылығын атап өтті, әсіресе тұтынушылық несиелендірудің қарқынды өсуі жағдайында.

IV бап бойынша консультация аясында ХВҚ Миссиясы сапарының нәтижесінде Персоналдың келесі есебі (Staff Report) 2023 жылы жарияланатын болады.

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
+7 (7172) 775 210
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға