1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

№24 БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ «M. KENBAEV «ÁŃGIME» және «QULAN» коллекциялық монеталарын айналымға шығару туралы

Қазақстан Ұлттық Банкі (бұдан әрі – ҚҰБ) «Қазақстанның бейнелеу өнері» сериясынан – «M. KENBAEV «ÁŃGIME», «Қазақстанның флорасы мен фаунасы» сериясынан – «QULAN» коллекциялық монеталарын айналымға шығарады.

«M. KENBAEV «ÁŃGIME» монетасы туралы

Монетаның дизайнында Қазақ КСР-ның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Қазақстанның халық суретшісі, педагог әрі профессор М.Кенбаевтың «Әңгіме» картинасынан үзінді бейнеленген. Материалдарды Ә.Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі ұсынды.

Монета аверсінің орталық бөлігінде ою-өрнек бетінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген, жиегінде «QAZAQSTAN RESPÝBLIKASY ∙ РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН» деген жазу орналасқан. Төменгі бөлігінде – монетаның номиналы, соғылған жылы, монета жасалған металдың сынамасы мен массасын білдіретін жазу бар. Жоғарғы бөлігінде – «M.KENBAEV «ÁŃGIME» (1958)» деген жазу мен ҚҰБ-тың тауар белгісі (логотипі) басылған.

Монетаның реверсінде М. Кенбаевтың «Әңгіме» сүретінен үзінді бейнеленген. Композиция түрлі-түсті баспа технологиясы арқылы орындалған.

Монеталар 925/1000 сынамды күмістен дайындалған, массасы – 31,1 грамм, дайындау сапасы –  «proof», номиналы – 500 теңгелік, таралымы – 1 500 дана.

«QULAN» монетасы туралы

Құлан – жылқы тұқымдасынан шыққан сирек кездесетін жануар, латынша атауы – «EQUUS HEMIONUS». Алғаш рет 1775 жылы сипатталған. Қазақстанда құлан Үстірт пен Маңғышлақта кездескенімен, өткен ғасырдың 30-жылдары жоғалып кеткен. 1953 жылы Арал теңізіндегі Барсакелмес аралына түркімен құландары әкелінді. 1982 жылдан бастап Алтын Емел, Бетпақ-Дала ұлттық саябағында және солтүстік Ақтауда оларды жерсіндіру жұмыстары басталды.

Мельхиордан жасалған номиналы 200 теңгелік монеталардың бейнесі

Мельхиордан жасалған номиналы 100 теңгелік монеталардың бейнесі

Нейзильберден жасалған номиналы 100 теңгелік монеталардың бейнесі

 

Мельхиор мен нейзильбер қоспасынан жасалған монеталардың аверсі мен реверсіндегі бейнелер бірдей.

Монеталар аверсінің оң бөлігінде аңдар мен өсімдіктерден коллаж жиегінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы, сол жағында ҚҰБ тауар белгісі (логотипі) бейнеленген және соғылған жылын білдіретін «2021» деген жазу және «рrооf-like» дайындау сапасымен мельхиор қоспасынан дайындалған монетада оның «200 TEŃGE» номиналы, «brilliant uncirculated» дайындау сапасымен мельхиор қоспасынан және нейзильбер қоспасынан дайындалған монетада «100 TEŃGE» деген жазба бар. Монетаны айналдыра «QAZAQSTAN ULTTYQ BANKI» және «NATIONAL BANK OF KAZAKHSTAN» деген жазулар бар.

Монеталардың реверсінде дала ландшафты аясында құландардың бейнесі бейнеленген, монетаның жоғарғы бөлігінде «EQUUS HEMIONUS» (латынша аты), төменгі бөлігінде «QULAN» деген жазулар бар.

Монеталар:

- МН 25 мельхиор қоспасынан жасалған номиналы 200 теңгелік монетаның массасы – 15 грамм, диаметрі – 33 мм, алтын жалатылған, сапасы – «рrооf-like», таралымы – 10 000 дана;

- МН 25 мельхиор қоспасынан жасалған номиналы 100 теңгелік монетаның массасы – 15 грамм, диаметрі – 33 мм, сапасы –  «brilliant uncirculated», таралымы – 10 000 дана;

- МНЦ 15-20 нейзильбер қоспасынан жасалған номиналы 100 теңгелік монетаның массасы – 11,17 грамм, диаметрі – 31 мм, сапасы – «uncirculated», таралымы – 100 000 (бір жүз мың) дана.

Монеталар олардың белгіленген құны бойынша Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төлемдердің барлық түрі бойынша, сондай-ақ банк шоттарына есептеу үшін және Қазақстан Республикасының барлық банктерінде аудару, ұсақтау және айырбастау үшін қабылдануға жатады.

Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған.

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы алуына болады:

+7 (7172) 77-52-10

e-mail: press@nationalbank.kz

www.nationalbank.kz

Жоғарыға