1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

№23 баспасөз релизі. ХВҚ миссиясы Ұлттық Банктің инфляциялық таргеттеу саясатына деген ұстанымын жоғары бағалады

2021 жылдың 4-17 қараша аралығында ХВҚ Қазақстандағы Миссиясының басшысы Николас Бланшеттің жетекшілігімен – Халықаралық валюта қорының IV бап бойынша Миссиясының сапары өтті. Сапар барысында Қазақстан Ұлттық Банкінің, мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектор ұйымдарының және қаржы нарығының басшыларымен кездесулер ұйымдастырылды.

ХВҚ пікірі бойынша, Ұлттық Банктің, Үкіметтің, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Covid-19 пандемиясына қарсы шешуші және уақытылы шаралары сыртқы әсерлерді бәсеңдетуде және кейінгі экономикалық белсенділікті қалпына келтіруде шешуші рөл атқарды. Бұл нақты ЖІӨ-нің 3,5%-ға өсуіне және экономикалық дамудың пандемияға дейінгі траекториясына оралуына әкелді.

ХВҚ Ұлттық Банктің инфляциялық таргеттеу саясатына ұстанымын жоғары бағалады. Атап айтқанда, Миссия ақша-кредит саясатының тәуелсіздігі саласындағы одан әрі ілгерілеушілікті атап өтті, траспаренттілікті арттыру, шешімдер қабылдау кезінде аналитикалық әлеуетті дамыту жөніндегі жұмысты жоғары бағалады, сондай-ақ Ақша-кредит саясаты стратегиясына сәйкес 2030 жылға дейін ақша-кредит саясатының тиімділігін одан әрі артатындығын атап өтті.

Халықаралық ұйым сарапшыларының бағалауынша, осы жылдың қазан айында 8,9%-ды құраған инфляция қысқа мерзімді перспективада ішкі сұраныстың артуы мен әлемдік нарықтардағы ұсыныстың бұзылуына байланысты жоғары деңгейде қалуы мүмкін. ХВҚ миссиясы соңғы айларда базалық мөлшерлеменің біртіндеп көтерілуін орынды деп санайды.

Инфляцияны одан әрі тұрақтандыру және төмендету үшін ХВҚ ақша-кредит және салық-бюджет саясатын іске асыру жөніндегі шараларды, сондай-ақ жеткізу тізбегіндегі үзілістердің әсерін азайту жөніндегі мемлекеттік шараларды үйлестіруді жалғастыру маңызды деп санайды. Бұл ретте Миссия сарапшылары инфляцияның 2022 жылдың соңына қарай Ұлттық Банктің нысаналы дәлізіне қайта оралуын күтуде, оның 6%-ға дейін төмендеуін болжайды.

ХВҚ миссиясы мемлекеттік органдардың салық-бюджет саясатын анағұрлым контрциклдік етуді және фискальды тұрақтылықты және ұрпақтар арасындағы байлықты тең бөлуді қамтамасыз ету үшін жаңа фискальды ережелерді енгізу бойынша ынтасын қолдайды.

ХВҚ сарапшылары қаржылық тұрақтылықты сақтау, қаржылық қадағалауды күшейту бойынша қазіргі жұмысты жоғары бағалады, активтер сапасын тұрақты бағалау мен стресс-тестілеуді енгізуде әлеуетті арттырудың маңыздылығын атап өтті.

Сапар соңында ХВҚ Миссиясының Қорытынды мәлімдемесі дайындалды. Құжат ХВҚ мен Ұлттық Банктің сайттарында жарияланған.

IV бап бойынша консультациялар аясында ХВҚ миссиясының келесі сапары 2022 жылы өтеді.

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы алуына болады:
+7 (717) 2 775 210
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға