1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

№52 баспасөз релизі. Базалық мөлшерлемені 9,00% деңгейінде сақтау туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі пайыздық дәлізді +/ 1,0 п.т. дейін тарылта отырып, базалық мөлшерлемені жылдық 9,00% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады. Тиісінше, өтімділікті ұсыну бойынша тұрақты қол жеткізу операциялары бойынша мөлшерлеме 10,0% және өтімділікті алу бойынша тұрақты қол жеткізу операциялары бойынша мөлшерлеме 8,0% болады.

Шешім мұнай нарығындағы фундаментальды тұрақсыздықпен, елдегі және әлемдегі эпидемиологиялық ахуалға, сондай-ақ жаппай вакцинациялау мерзіміне байланысты әлі де сақталып отырған белгісіздік жағдайында жоғары және әлсіз тұрақтанған инфляциялық күтулермен негізделген. Инфляциялық күтулердің тұрақтануы 2021-2022 жылдары инфляция бойынша мақсатқа қол жеткізу үшін негіз болып табылады, осыған байланысты базалық мөлшерлеменің қазіргі деңгейі 2021 жылдың соңына қарай инфляция бойынша 46%-дық мақсатқа қол жеткізуге мүмкіндік береді.

2020 жылғы қарашада жылдық инфляция осы жылдың маусым-қазан аралығында 7,07,1% деңгейінде тұрақтанғаннан кейін 7,3%-ға дейін жылдамдады. Инфляциялық процестердің серпіні 4-6% нысаналы дәлізінен жоғары қалыптасуды жалғастыруда.

Инфляцияның азық-түлік құрамдас бөлігі инфляциялық процестердің қалыптасуына негізгі үлес қосуды жалғастыруда. Бұл ретте астықтың халықаралық бағасы төртінші ай қатарынан өсіп келеді, бұл қосымша проинфляциялық тәуекелдерді туындатады. Алдыңғы айларда біршама баяулағаннан кейін азық-түлік бағасының өсуі ет және нан-тоқаш өнімдері сияқты жекелеген тауар түрлері бағасы өсуінің баяулауына қарамастан, 2020 жылғы қарашада жылдық көрсеткіште 10,8%-ға дейін қайтадан жылдамдады. 2020 жылғы қарашада әлемдік бағаның өсуі аясында қант пен күнбағыс майы бағасының жылдамдауы жалғасты.

Азық-түлік емес инфляция 2020 жылғы қарашада жылдық көрсеткіште 5,7%-ға дейін жылдамдады. Пандемияға байланысты дәрі-дәрмектер бағасының 9,7%-ға, үй тұрмысындағы тауарлар бағасының 7,5%-ға және жуғыш және тазартқыш құралдар бағасының 10,2%-ға өсуі сақталуда. Төмен тұтынушылық сұраныс, халықтың нақты ақшалай кірісінің төмендеуі және елдегі карантиндік шектеулер дезинфляциялық әсер етеді. Азық-түлікке жатпайтын инфляция ЖЖМ бағасының жылдық өсу қарқынының 1,7%-ға дейін баяулауымен, сондай-ақ халықтың тұтынушылық таңдауының неғұрлым арзан импорттық тауарларға ауысуымен тежеледі.

Ақылы қызметтердің жылдық көрсеткіштегі инфляциясы да 4,1%-ға дейін жылдамдауды көрсетті. Бұған реттелетін (коммуналдық қызметтер), сол сияқты реттелмейтін қызметтер (аурухана, білім беру, аяқ киім мен автомобиль жөндеу қызметтері) бағасының өсуі ықпал етті.

Ұлттық Банктің бағалауы бойынша, 2020 жылғы тамыз-қазанда тұтыну бағасының маусымдық тазартылған жылдық көрсеткіштегі өсуі 46% нысаналы дәлізінің жоғарғы шегіне жақын қалыптасты. Алайда, 2020 жылғы қарашада жекелеген тауарлар (май мен тоң май, қант, сырт киім, жылу энергиясы) бағасының өсуі аясында ол 7,4%-ға дейін жылдамдады, сөйтіп нысаналы дәлізден едәуір асып түсті.

Халықтың 2020 жылғы қарашадағы инфляциялық күтулері нарықтарда тамақ өнімдерінің теңгерімсіздігіне және эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауы, елдің өңірлеріндегі карантин шараларының күшеюі аясында белгісіздік деңгейінің өсуіне сезімтал болып әлсіз тұрақтанған. Бір жыл алдағы күтілетін инфляцияның сандық бағалауы 2020 жылғы қарашада 7,8%-ға дейін артты. Келесі 12 ай ішінде бағаның ағымдағы өсуінің сақталуын немесе оның үдеуін күтетін респонденттердің үлесі 52%-ға дейін (қыркүйекте – 49%) артты.

2020 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстандағы инфляция болжамы төмендеу жағына қарай қайта қаралды. 2020 жылғы желтоқсанда жылдық инфляция қайта карантин шаралары аясында ішкі сұраныстың неғұрлым айқын дезинфляциялық әсеріне байланысты 7,37,5% ауқымында күтіледі. Дегенмен, инфляцияның орта мерзімді болжамдары айтарлықтай өзгерістерге ұшыраған жоқ – 4-6% нысаналы дәлізінің жоғарғы шегіне қарай біртіндеп баяулау 2021 жылдың соңына қарай ғана болады.

Қазақстан экономикасы 2020 жылғы 11 айдың қорытындысы бойынша жылдық көрсеткіште 2,8%-ға қысқарды – экономикалық белсенділіктің төмендеуі күтілгеннен анағұрлым терең болып шықты. Бұл тау-кен саласының 3,4%-ға қысқаруына, сондай-ақ коронавирустың екінші рет қайталануының теріс сценарийін іске асыруға байланысты. Қызмет көрсету секторында жыл басынан бері мұнай мен металдардың жекелеген түрлері экспортының қысқаруы аясында көтерме сауда айналымының қысқаруына байланысты сауданың теріс үлесі жалғасуда. Бұл ретте шектеу шараларының жеңілдетілуіне байланысты жекелеген өңірлерде бөлшек сауда көлемінің өсуі байқалады. Көліктегі серпін де теріс аймақта. ІЖӨ серпініне құрылыс (12,1%), ақпарат және байланыс (8,4%), ауыл шаруашылығы (5,3%) салалары оң үлес қосты.

2020 жылғы қазанда инвестициялық белсенділіктің нашарлауы (жыл басынан бері 4,7%-ға қысқаруы) байқалды. Тау-кен өнеркәсібіндегі, құрылыстағы және саудадағы инвестициялардың төмендеуі оң серпінмен, ал экономиканың нақты және мемлекеттік секторларының басқа салаларындағы инвестициялардың кейде жылдамдауымен ішінара теңестіріледі.

Озыңқы индикаторлар экономикалық белсенділіктің жалғасып келе жатқан қалпына келуін тіркеді. Қарашада іскерлік белсенділік индексі өсуді жалғастырып, 48,8-ден 49,4-ке дейін 0,6 п.т. жақсарды. Индекстің өсуіне ағымдағы жылғы ақпаннан бастап алғаш рет 52,5 мәніне жетіп, оң аймаққа шыққан құрылыстағы жағдайдың жақсаруы едәуір дәрежеде әсер етті. Өнеркәсіп пен қызмет көрсету саласында жағдай өзгерген жоқ, индекстер тиісінше 49,6 және 48,7 болды.

2020 жылғы екінші тоқсандағы елеулі сәтсіздіктен кейін үшінші тоқсанда карантиндік шектеулерді біртіндеп алып тастау аясында үй шаруашылықтарын нақты тұтыну біртіндеп жандана бастады. Бұл 2020 жылғы тамыздан бастап оң серпін көрсететін бөлшек сауда айналымының деректерімен расталады.

Пандемия әлемдік экономиканың дамуына теріс әсер етуді жалғастыруда. Көптеген елдерде қайтадан карантин шараларына әкеп соққан коронавирустың кезекті қайталануы экономикалық белсенділікке, атап айтқанда, ЕО елдерінің көпшілігіне теріс әсер етті. Сонымен бірге, АҚШ 2018 жылдан бастап кейінге қалдырылған сұранысты іске асыруға байланысты іскерлік белсенділік өсуінің ең жоғары мәндерін көрсетуде.

2021-2022 жылдар ішінде әлемдік экономиканың өсу қарқынының неғұрлым баяу және біркелкі емес қалпына келуі күтілуде. Қазақстанның негізгі сауда әріптестері  елдер тарапынан сыртқы сұраныс біркелкі қалпына келмейді, бұл 2021 жылы өсудің болжамды қарқынымен расталады: Ресей бойынша – 3,1%, ЕО бойынша – 4,5%, Қытай бойынша – 7,9%. Бұл вакциналарды кең ауқымда қолданудың ұзаққа созылмауымен және тұтыну мен іскерлік белсенділікке теріс әсер ететін COVID-19-ға қарсы күрес жөніндегі шектеу шараларымен түсіндіріледі.
Негізгі сауда әріптес елдердегі жылдық инфляция әртүрлі эпидемиологиялық және экономикалық ахуалға байланысты әр түрлі бағытта қалыптасуда. Осыған байланысты, сондай-ақ пандемияның одан әрі дамуына қатысты белгісіздіктің өсуіне байланысты елдердегі монетарлық жағдайлар өте бейімделгіш болып қалуда.

Ресейде 2020 жылғы қарашада жылдық инфляция күтпеген жерден 4,4%-ға дейін өсті, бұл, ең алдымен, азық-түлік бағасының өсуінен туындады. Бағаның тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін Ресей Федерациясының Үкіметі тиісті шараларды, оның ішінде әкімшілік сипаттағы шараларды қабылдау міндетін қойды.

Коронавирусқа қарсы вакциналар жөніндегі жаңалықтар ағымдағы жылғы наурыздың басынан бері алғаш рет бір баррель үшін 50 АҚШ долларына жеткен мұнайдың әлемдік бағасына оң әсер етті. Мұнай нарығы ОПЕК+ қатысушы елдерінің 2020 жылғы 3 желтоқсандағы кездесуде қабылдаған шешіміне оң ден қойды. Осылайша, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап күнделікті мұнай өндіруді бұрын келісілген тәулігіне 1,9 млн баррельдің орнына тәулігіне 0,5 млн баррель етіп неғұрлым қалыпты арттыру туралы шешім қабылданды. Алайда, бұл оң жаңалықтар пандемия, вакцинация мерзімдері және жекелеген елдер тарапынан мұнай өндіруді жеделдету тәуекелі аясында белгісіздікке байланысты мұнайға сұраныстың неғұрлым ұзақ қалпына келуіне байланысты уақытша сипатта болуы мүмкін.

Ақша нарығындағы тұрақты жағдай базалық мөлшерлеменің дәлізін эпидемия алдындағы деңгейге дейін тарылтуға мүмкіндік берді. Нәтижесінде нарық қатысушыларының неғұрлым орнықты күтулері қалыптасатын болады және ақша нарығы мөлшерлемелерінің құбылмалылығы төмендейді.

Ұлттық Банк инфляция серпініне әсер ететін ішкі және сыртқы факторларға мониторинг жүргізуді жалғастырады. Базалық мөлшерлеме бойынша бұдан кейінгі шешімдер инфляцияның нақты серпінінің оның нысаналы бағдарларына сәйкестігі, инфляциялық күтулердің төмендеу жылдамдығы, сұраныстың қалпына келуі, сондай-ақ инфляциялық тәуекелдер теңгерімі ескеріле отырып қабылданатын болады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлеме бойынша кезекті жоспарлы шешімі 2021 жылғы 25 қаңтарда Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша 15:00-де жарияланатын болады.

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы алуына болады:
+7 (717) 2 775 205
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға