Серверлік жабдықта жүргізіліп жатқан жұмыстарға байланысты ҚҰБ-тың интернет-ресурсы 27 сәуір сағат 9:00-ден 28 сәуір сағат 23:00-ке дейін уақытша қолжетімсіз болуы мүмкін

1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Қазакстандағы іскерлік белсенділіктің жай-күйі туралы

Ағымдағы жылы әлемнің көптеген елдерінің экономикасына коронавирустық инфекцияның (COVID-19) таралуына байланысты факторлар әсер етті. Бүкіл әлемде, оның ішінде Қазақстанда үкіметтер қабылдаған шектеу шаралары, сондай-ақ олардың салдары экономикалық белсенділіктің айтарлықтай төмендеуіне әкелді. Бұған нақты сектордағы кәсіпорындардың айтарлықтай нашарлауды көрсеткен бағалауы да дәлел болып отыр.

ҚРҰБ жүргізген пікіртерімдерге сәйкес, респондент кәсіпорындардың көпшілігі іскерлік белсенділіктің едәуір нашарлауы 2020 жылғы сәуірде болғанын көрсетеді. Осылайша, іскерлік белсенділік индексі (бұдан әрі – ІБИ) 2016 жылғы қыркүйектен бастап алғаш рет 37,2-ге дейін төмендеді. Индекстің құрамдас бөліктері бойынша да рекордтық төмендеу байқалды: қызмет көрсету саласындағы индекс 34,8, құрылыста – 36,5, өнеркәсіпте – 42,1 құрады. Күрт төмендеу 2020 жылғы 16 наурыздан бастап елде төтенше жағдай режимінің және 2020 жылғы 19 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында карантин енгізілуіне байланысты болды.

Карантинге түскен қалалар мен облыстардың тізімі жұқтыру жағдайларының анықталғанына қарай кеңейіп отырды, бұл нақты сектордың көптеген субъектілерінің қызметін тоқтатты. 2020 жылғы мамыр-маусымда карантин режимі бәсеңдеген сайын экономикалық процестердің жандануы байқалды. Осылайша, кәсіпорындардың бағалауы бойынша, ІБИ 2020 жылғы сәуірдегі ең төмен құлдырауынан кейін маусымда 46,8 дейін қалпына келді.

Елдегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты карантин режимі 2020 жылғы шілдеде қайта енгізіліп, 17 тамызға дейін ұзартылды. Бұл нақты сектор кәсіпорындарының көңіл-күйінің нашарлауына әсер етті, ол ІБИ-дің шілдеде 44,7-ге дейін қайта төмендеуіне және тамызда 45,4-ке дейін аздап өсуіне әкелді. Карантиндік шараларды күшейту қызмет көрсету саласы мен өнеркәсіпке барынша теріс әсер етті.

Іскерлік белсенділік индексі шілдеде (44,7) төмендегеннен кейін тамызда 45,4-ке дейін өсті.

Нақты секторда экономиканың қалпына келуі қызмет көрсету саласындағы көрсеткіштің ұлғаюы есебінен болды, онда индекс 43,1-ден 44,2-ге дейін көтерілді. Өнеркәсіпте 0,3 тармаққа 48,3-ке дейін ұлғаю байқалады. Бұл жаңа тапсырыстардың шамалы өсуіне байланысты.
Тамызда бизнес-климат индексі (БКИ) 4,2 тармаққа жақсарды және (-) 3,0 мәніне жетті, алайда әлі де теріс аймақта сақталуда. Сонымен қатар, респонденттер қыркүйекте бизнес жүргізу жағдайы жақсарады деп күтуде.

Іскерлік белсенділік индексі кәсіпорындарға олардың ағымдағы көрсеткіштері мен болашақтағы күтілетін өзгерістері бойынша жүргізілген пікіртерім негізінде қалыптасады. Тамызда пікіртерімге 447 кәсіпорын қатысты.

Толығырақ

Жоғарыға