1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

2006 жылғы үлгідегі банкноттарды айырбастау кезеңінің аяқталуы туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2020 жылғы 3 қазанда 2006 жылғы үлгідегі номиналдары 2 000, 5 000 және 10 000 теңгелік банкноттарды айырбастау кезеңінің аяқталатынын еске салады.

2006 жылғы үлгідегі банкноттар

2 000 теңге 5 000 теңге 10 000 теңге

Қолма-қол ақша айналымынан алынған банкноттарды Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының қолданыстағы ақша белгілеріне айырбастау тек қана Ұлттық Банктің филиалдарында жүргізіледі.

«2006 жылғы банкноттарды кезең-кезеңімен ауыстыру және алу 2016 жылдың қарашасында басталды. Ағымдағы жылдың 3 қазанында аталған банкноттардың айналыс мерзімі аяқталғаннан кейін Ұлттық Банктің филиалдары оларды қабылдауды және қолданыстағы ақша белгілеріне айырбастауды тоқтатады. Осы күнге дейін банкноттарды еліміздің 17 қаласында орналасқан ҚР ҰБ барлық аумақтық филиалдарында айырбастауға болады», – деп атап өтті Ұлттық Банктің қолма-қол ақша айналымы департаментінің директоры Жомарт Қажымұратов.

Ұлттық Банк филиалдарының мекенжайлары және байланыс телефондары туралы ақпаратты Ұлттық Банктің сайтында табуға болады. 

Толығырақ ақпарат БАҚ өкілдері үшін мына телефон арқылы қолжетімді:
+7 (717) 2 775 205
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға