1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Ел тұрғындары 2020 жылғы маусымда 2 000-ға жуық алтын құймаcын сатып алды

2020 жылғы маусымда ел тұрғындары екінші деңгейдегі банктерден және банктік емес айырбастау пунктерінен жалпы салмағы 109 кг 1 980 өлшеуіш құйма сатып алды. Барлығы 2017 жылдан бастап жалпы салмағы 959 кг 28 143  өлшеуіш құйма сатылды.

Алтын құймалары бес түрде ұсынылған: 5, 10, 20, 50 және 100 г. Сатып алушылар арасында салмағы 10 г. құйма ең көп сатып алынады. Сатудың жалпы көлемінен оның үлесі 7 590 дананы (27%) құрайды. Одан кейін 5 грамдық – 6 180 дана (22%), 20 грамдық – 5 363  дана (19%), 100 грамдық – 5 908 дана (21%), 50 грамдық – 3 102 дана (11%) тұр.

Құймаларды сатып алу бойынша өңірлер арасында көшбасшы Алматы қаласы (сатылған құймалардың жалпы санынан 52%), одан кейін Атырау (17%), Нұр-Сұлтан (11%) және басқа өңірлер (20%) болды.

Кері сатып алуға жалпы массасы 3 кг 114 өлшеуіш құйма қабылданды. Бұл алтын құймалары инвестициялаудың және жинақты жинаудың ұзақ мерзімді құралы болып табылады.

Қазіргі кезде алтын құймаларын Halyk Bank-тен, Еуразиялық Банктен, Jýsan Bank-тен, Банк ЦентрКредиттен, сондай-ақ банктік емес айырбастау пунктерінен сатып алуға және оларға кері сатуға болады.

Алтын құймалары инвестициялаудың сенімді құралы ретінде болуы мүмкін. Банктердің және банктік емес айырбастау пунктерінің клиентке «сол күні» ақша төлей отырып, құймаларды кері сатып алу мүмкіндігі – алтын құймалары нарығының өтімділігін қамтамасыз етудің негізгі факторы.

Әрбір құйма қорғаныш элементтерімен (құймалардың бет жағы айнадай, микромәтін және бедерлі гурт) және құймаларды механикалық зақымданудан қорғайтын және орауы ашылғанын немесе ашылмағанын тез анықтауға мүмкіндік беретін арнайы орауда шығарылатынын ескертеміз. Қорғаныш орауы да құйма сапасының сертификаты болып табылады. Сондықтан құйманы ұқыпты сақтау және орауды ашпау ұсынылады.

2020 жылғы 16 шілдедегі жағдай бойынша алтынның 1 граммының құны 23 980.14 теңгені құрайды.

Жоғарыға