1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

2022 жылдың желтоқсан айындағы іскерлік белсенділік туралы

ҚР ҰБ ақша-кредит саясаты департаментінің директоры Рүстем Оразалиннің түсіндірмесі 

Іскерлік белсенділік индексі динамикасының біршама жақсарғаны байқалады, алайда, индекс бұрынғысынша теріс аймақта тұр. Логистикадағы проблемалар мен жеткізу ісіндегі кідірістер – іскерлік белсенділікті тежейтін негізгі себептердің бірі. Іскерлік белсенділік индексі желтоқсанда 49,2 болды.

Жаңа тапсырыстар мен жаңа өнім көлемі ұлғаюы есебінен өндірісте іскерлік белсенділік артты. Мұнда индекс 50,4-ке дейін көтерілді (қарашада – 49,0). Қалған секторларда индекс 50 шамасынан төмен қалыптасты. Бұл ретте құрылыста көрсеткіштің 46,9-ға дейін біршама жақсарғаны байқалады  (қарашада – 45,1). Қызмет көрсету секторында көрсеткіш 49,4 (қарашада – 49,3) күйінде қалып, аса өзгеріс байқалмады. Тау-кен өнеркәсібінде жаңа өнім көлемі, жұмыспен қамту деңгейінің төмендеуі және жеткізу мерзімінің ұлғаюы есебінен іскерлік белсенділік 47,3-ке дейін төмендеді (қарашада – 48,7).   

2022 жылғы желтоқсанда кәсіпорындардың бизнес жүргізудің болашақ жағдайларына қатысты күтулері нашарлағанымен, жалпы оң позицияда болды. Кәсіпорындар бүгінгі бизнес жағдайларды әлі де теріс бағалап отыр.

Сөйтіп, бүгінгі және болашақ бизнес жағдайлардың орташа бағасын білдіретін бизнес-ахуал индексі 2,6-ға дейін төмендеді. Алайда, бизнес-цикл «сағатының» индикаторы өсу аймағында қалды.

Кәсіпорындар коммуникацияларға қолжетімділік пен дайын өнімге деген сұранысты оң бағалады. Бизнес жағдайларының қалған факторларында (салық жүктемесі, қаржыға/кредитке қолжетімділік, бизнесті қорғау мәселелері) теріс баға басым.

Толығырақ: https://nationalbank.kz/kz/page/indeks-delovoy-aktivnosti-po-kazahstanu-ida  

Жоғарыға