1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

2022 жылдың қыркүйек айындағы іскерлік белсенділік туралы

ҚР ҰБ ақша-кредит саясаты департаментінің директоры Рүстем Оразалиннің түсіндірмесі

Ұлттық Банк іскерлік белсенділік индексі бойынша шолу ұсыну форматына өзгеріс енгізді. Материалды жариялау мерзімі қысқартылды – шолу әр айдың 4-күнінен кешіктірілмей жарияланады. Сонымен қатар пайдаланушыға жекелеген секторлар бойынша деректі қарауға мүмкіндік беретін дашбордтар (интерактивті инфографика) қосылды.

Іскерлік белсенділік индексінің қазіргі көрсеткіштеріне келер болсақ, қыркүйекте экономикадағы іскерлік белсенділікті қалпына келтірудің әлсіз белгілері байқалды, бірақ, бұрынғысынша, бесінші ай қатарынан индекс теріс аймақта қалып отыр. Іскерлік белсенділік индексі дайын өнімге сұраныс пен тауарлы-материалдық қорлардың ұлғаюы есебінен 48,0-ге (тамызда – 47,6) дейін көтерілді.

Тау-кен өндіру өнеркәсібінде және құрылыста көрсеткіштің біршама жақсарғаны байқалады: индекс тиісінше 47,5 және 46,3 белгісіне дейін (тамызда 45,1 және 45,6-дан) көтерілді. Қызмет көрсету секторында индекс 48,2-ге дейін (тамызда 48,6-дан) аздап төмендеген. Өндірістік секторда көрсеткіш іс жүзінде өзгеріссіз қалып, 48,6 болды (тамызда – 48,7).

2022 жылғы қыркүйекте кәсіпорындардың қазіргі бизнес жағдайларын бағалауы (-) 6,2 (тамызда – (-)3,2) болып, теріс күйінде қалды.

Кәсіпорындардың алдағы 6 айдағы болашақ бизнес жағдайларын бағалауы аздап төмендегеніне қарамастан, оң көрсеткіш көрсетті.

Соңында бүгінгі және келешектегі бизнес жағдайларды орташа бағалауды білдіретін бизнес ахуалы индексі төмендеп, 4,4 (тамызда – 6,6) болды.

2022 жылғы қыркүйекте дайын өнімге сұраныс едәуір жақсарды. Оң және теріс жауаптар арасындағы теңгерім 5,8 болды. Теріс жауаптардың басым болуына қарамастан, қаржы/кредитке қолжетімділіктің жақсы бағаланғаны байқалды. Жауаптар теңгерімі
(-)0,9 болды. Бизнес жағдайларының қалған факторларын (бизнесті қорғау, салық жүктемесі және коммуникацияларға қол жеткізу мәселелері) бағалау тиісінше (-)5,6, (-)5,4 және (-)3,0 болып, барынша теріс деңгейде қалды.

Толығырақ: nationalbank.kz/kz/page/indeks-delovoy-aktivnosti-po-kazahstanu-ida 

Жоғарыға