1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

2022 жылдың тамыз айындағы іскерлік белсенділік туралы

ҚР ҰБ Ақша-кредит саясаты департаментінің директоры Рүстем Оразалиннің түсіндірмесі

Шикізат пен материалдарды жеткізудегі ұзақ мерзімдер мен жекелеген секторларда жұмыспен қамту деңгейінің төмендеуі – нақты секторда іскерлік белсенділікті тежеп келеді. Іскерлік белсенділік индексі тамызда 47,8-ге дейін (шілдеде – 48,0) төмендеді. Қызмет көрсету секторында индекстің мәні өзгерген жоқ – 48,8. Өндірісте (шілдедегі 48,5-тен) 48,7-ге дейін біршама жақсару үрдісі байқалады, қалған секторларда: тау-кен өндіру өнеркәсібінде – 44,9-ға дейін, құрылыста – 45,7-ге дейін индекс, керісінше, төмендеген.

2022 жылғы тамызда кәсіпорындардың ағымдағы бизнес-жағдайларды бағалауы (-)3,2-ға дейін (шілдедегі (-)5,8-ден) аздап жақсарғанына қарамастан, теріс күйінде қалды.

Алдағы 6 айға арналған болашақ бизнес-жағдайларды бағалау да біршама жақсарды – 17,4 (шілдеде – 16,8).

Нәтижесінде, қазіргі және болашақ бизнес-жағдайларды орташа бағалауды білдіретін бизнес-ахуал индексі 6,8-ге (шілдеде – 5,2) ұлғайды.

2022 жылғы тамызда бизнес-жағдайлардың барлық факторын бағалау бойынша теріс жауаптар басым болды. Осыған қарамастан, коммуникацияларға қолжеткізуді, салықтық жүктемені және бизнесті қорғау мәселелерін бағалау, тиісінше, (-)3,3, (-)4,2 және (-)4,4 дейін жақсарғаны байқалды. Кәсіпорындардың бағалауы бойынша, тау-кен өндіру өнеркәсібінде сұраныс төмендеді, қалған секторларда сұраныс жоғары.  

Толығырақ: https://nationalbank.kz/kz/page/indeks-delovoy-aktivnosti-po-kazahstanu-ida

Жоғарыға