1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

2022 жылдың ІІ тоқсанында экономиканың нақты секторындағы кәсіпорындарда жүргізілген сауалнама нәтижесі туралы (салалық конъюктуралық шолу)

ҚР ҰБ Ақша-кредит саясаты департаменті директорының орынбасары Денис Чернявскийдің түсіндірмесі

Нақты сектордағы кәсіпорындарда жүргізілген сауалнаманың қорытындысы көлік пен қойма салаларында, сондай-ақ ауыл шаруашылығында дайын өнімге деген сұранысқа қатысты жағдайдың жақсарғанын көрсетті. Тау-кен өндіру және өңдеу өнеркәсібінде жағдай нашарлағаны айтылады. Сауда мен құрылыстағы сұраныс көрсеткіші де теріс аймақта тұр.

2022 жылдың ІІІ тоқсанында ауыл шаруашылығында, өңдеу өнеркәсібінде және саудада сұраныспен байланысты жағдай жақсарады деп күтілуде. Сұраныстың өсу қарқыны тау-кен өндіру өнеркәсібі мен көлікте және қоймада сақтау саласында баяулайтыны күтіледі.

2022 жылдың ІІ тоқсанында шикізат пен материалдар бағасының өсу қарқыны жеделдегені барлық салада сезілді. 2022 жылдың ІІІ тоқсанында шикізат пен материалдардың және дайын өнім бағасының өсу қарқыны баяулайды деп күтіледі.

Өндірістік қуатты жүктеудің жалпы деңгейі көтерілді. Анағұрлым жоғары көрсеткіш құрылыста байқалды.

Бәсекелестіктегі маңыздылықтың жоғары деңгейі бұрынғысынша сақталып қалды. Нарықтық бәсекелестіктің ықпалына жиі түсетін – сауда кәсіпорындары болып келеді, оның әсерін сондай кәсіпорындардың 38,1%-ы өз бизнесінде сезінеді. Ең аз үлес тау-кен өндіру өнеркәсібінде байқалды (14,1%).

АҚШ доллары мен Ресей рублі – шетелдік әріптестермен есеп айырысуда пайдаланылатын негізгі валюта. АҚШ доллары кен өндіру өнеркәсібінде есеп айырысуда басым (кәсіпорындардың 62,1%-ы) болса, өңдеу өнеркәсібінде рубльді кәсіпорындардың 64,9%-ы, саудада – 58,4%-ы пайдаланады.

2022 жылдың ІІ тоқсанында теңге бағамының Ресей рубліне қатысты өзгеруінен кәсіпорындардың шаруашылық қызметіне теріс әсері көп болды, теңге бағамының АҚШ долларына қатысты теріс әсері, шамамен, 2022 жылғы І тоқсандағы деңгейінде қалды.

Сауалнамаға өндіру және өңдеу өнеркәсібі, құрылыс, сауда, ауыл шаруашылығы, көлік пен қоймада сақтау салаларында барлығы 2,6 мыңнан астам кәсіпорын қатысты.

Толығырақ: https://nationalbank.kz/kz/page/rezultaty-oprosov-predpriyatiy-v-razreze-otrasley

Толығырақ ақпаратты мына телефон арқылы алуға болады:
+7 (7172) 77 52 10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz  

Жоғарыға