1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Валюта нарығы бойынша ақпараттық хабарлама

Шілдеде Ұлттық Банк валюталық интервенцияларды, сондай-ақ БЖЗҚ мен сенімгерлік басқарудағы басқа да қорлардың зейнетақы активтері үшін шетел валютасын сатып алу немесе сату операцияларын жүргізген жоқ.

Шілде бойы теңге АҚШ долларының жаһандық нығаюы мен ФРЖ тарапынан жүзеге асқан монетарлық саясаттың агрессивті күшеюі және демалыс кезеңіне байланысты маусымдық факторлар жағдайында саудаланды.

Шілденің қорытындысы бойынша, теңге бағамы 1 доллар үшін 477,07 теңгеге дейін 1,5%-ға өзгерді. Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың орташа күндік көлемі бір айда 96,4 млн АҚШ долларынан 118,6 млн АҚШ долларына дейін ұлғайды. Шілдеде сауда-саттықтың жалпы көлемі 2,4 млрд АҚШ долларын құрады.

Валюта нарығына квазимемлекеттік сектор субъектілерінің валюталық түсімді сатуы қолдау көрсетті, олар шамамен 543,9 млн АҚШ долларын құрады. Квазимемлекеттік сектор компаниялары екінші деңгейлі банктер арқылы валюта нарығында сауданы дербес жүзеге асырады.

Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферттерді қамтамасыз ету үшін шілдеде валюта 599,2 млн АҚШ долларына сатылды. Ұлттық қордан сату үлесі сауда-саттықтың жалпы көлемінің 25,3%-ын құрады.

Қысқа мерзімді перспективада теңгенің құбылмалылығы геосаяси жағдайдың өзгеруіне, ішкі қатысушылардың күтулеріне және әлемдік нарықтардағы ахуалға байланысты болады.

Ұлттық Банк теңгерімсіздіктердің жинақталуын болдырмайтын және алтын-валюта резервтерінің сақталуын қамтамасыз ететін икемді бағам белгілеу режимін ұстануды жалғастырады.

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон бойынша алуына болады:
+7(7172)77-52-10
e-mail:press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға