Серверлік жабдықта жүргізіліп жатқан жұмыстарға байланысты ҚҰБ-тың интернет-ресурсы 27 сәуір сағат 9:00-ден 28 сәуір сағат 23:00-ке дейін уақытша қолжетімсіз болуы мүмкін

1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

2022 жылдың маусым айындағы іскерлік белсенділік индексі туралы

ҚР ҰБ ақша-кредит саясаты департаментінің директоры Рүстем Оразалиннің түсіндірмесі

Маусым айында кәсіпорындардың іскерлік белсенділігі біршама жақсарып, 49,0 (мамырда – 48,9) болды. Тау-кен өндіру өнеркәсібі мен құрылыста іскерлік белсенділіктің артқаны байқалды, онда индекс, тиісінше, 50,0 және 47,4-ке дейін көтерілді (мамырда 48,2 және 46,4). Өндіріс секторында индекс жаңа тапсырыстардың көлемі мен жұмыспен қамту деңгейінің төмендеуіне байланысты 49,4-ке дейін (мамырда – 50,8) төмендеді. Қызмет көрсету секторында көрсеткіш өзгерген жоқ – 48,7.

2022 жылдың маусым айында респонденттердің оптимизмі арту есебінен соңғы 6 айда алғаш рет оң болып, кәсіпорындардың қазіргі бизнес-ахуалды бағалауы жақсарды (4,0-ге дейін).

Кәсіпорындардың алдағы 6 айға арналған болашақ бизнес-ахуалды бағалауы да 23,9 (мамырда – 22,4) құрап, жақсарды. 

Нәтижесінде қазіргі және келешек бизнес-жағдайларын орташа бағалауды білдіретін бизнес-ахуал индексі айтарлықтай жақсарды – 13,7 (мамырда – 9,5). Осылайша, бизнес-циклдің «сағат» индикаторы маусым айында өсу саласына өтті.

Толығырақ

Жоғарыға