1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

2022 жылдың I тоқсанындағы кәсіпорындар мониторингінің нәтижесі туралы

ҚР ҰБ Ақша-кредит саясаты департаментінің директоры Рүстем Оразалиннің түсіндірмесі

2022 жылдың I тоқсанында сауалнамаға 3334 кәсіпорын қатысты, олардың ішінде 1576 ірі және орташа кәсіпорын болды. Мониторинг нәтижесі нақты секторда экономикалық белсенділіктің оң динамикасы жалғасып келе жатқанын көрсетті, ол дайын өнімге сұраныс ұлғаюына және оның бағасы өсуіне негізделді.

2022 жылғы I тоқсанда дайын өнімге сұраныс біршама ұлғайды. Диффузионды индекс (бұдан әрі – ДИ) 52,0-ден 53,1-ге дейін өсті. Тауарлар өндіру (54,1) мен қызмет көрсету секторында (52,2) көрсеткіш жақсарғаны байқалады.

Кәсіпорындардың дайын өнімі бағасының өсу қарқыны жеделдеп, ДИ  65,2 болды. Баға тау-кен және өңдеу өнеркәсібінде өсті.

Бұрынғыдай, кәсіпорындар Қазақстан экономикасының жай-күйі бизнесті жүргізудегі негізгі кедергі деп санайды. Бұл жөнінде сауалнамаға қатысқан кәсіпорындардың 38,4%-ы мәлімдеді. Басқа кедергілер: бәсекелестік (28,9%); сатып алушыларды іздестіру (22,6%); салық деңгейі (21,9%); білікті мамандардың жетіспеуі (20,0%) болып отыр. Маңыздылығы жағынан қаржыландыруға қолжетімділік 8-орында (12,5%) тұр.

Нақты сектор кәсіпорындарына жүргізілген сауалнаманың жиынтық бағасын білдіретін композиттік озыңқы индикатор (КОИ) 100,6-ға дейін өсті.

Толығырақ: https://nationalbank.kz/kz/page/konyunkturnyy-obzor-rezultaty

Толығырақ ақпаратты мына телефон арқылы алуға болады:
+7 (7172) 77 52 10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға