1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

2021 жылғы IV тоқсандағы экономиканың нақты секторы кәсіпорындарына жүргізілген пікіртерім (салалық конъюктуралық шолу) нәтижесі туралы

ҚР ҰБ Ақша-кредит саясаты департаментінің директоры Жандос Шаймардановтың  2021 жылғы IV тоқсандағы экономиканың нақты секторы кәсіпорындарына жүргізілген пікіртерім (салалық конъюктуралық шолу) нәтижесі бойынша түсіндірмесі

Нақты сектор кәсіпорындарына жүргізілген пікіртерімнің қорытындысы дайын өнімге сұранысқа қатысты жағдай құрылыстан басқа барлық салаларда жақсарғанын көрсетуде. Көлікте сұраныс көрсеткіші оң аймаққа өтті, құрылыста көрсеткіштің мәні жақсарса да, бұрынғыдай 50 белгісінен төмен. 2022 жылғы I тоқсанда ауыл шаруашылығын қоспағанда, барлық қарастырылып отырған салаларда сұранысқа қатысты жағдай жақсаратыны күтіледі.

2021 жылғы IV тоқсанда шикізат пен материалдар және дайын өнім бағасының өсу қарқыны жеделдегені барлық салаларда байқалды. 2022 жылғы I тоқсанда шикізат пен материалдар және дайын өнім бағасының өсу қарқының тежелуі күтіледі.

Жалпы экономика бойынша өндірістік қуаттарды жүктеу деңгейі іс жүзінде өзгерген жоқ, ауыл шаруашылығында төмендеп, құрылыс пен саудада аздап өсті. Барынша жоғары деңгей тау-кен өндіру саласында (61,3 %), төмен деңгей көлік пен құрылыста (52,2% және 52,0%) сақталып отыр. 

Бәсекелестік маңыздылығының жоғары деңгейі сақталып отыр. Нарықтық бәсекелестіктің әсеріне барынша сауда кәсіпорындары ұшырап отыр. Сауда кәсіпорындардың 41,5%-ы оның өз бизнесіне әсерін сезініп отыр. Ең аз үлес тау-кен өнеркәсібінде байқалды (14,8%).

Ресей рублі шетелдік әріптестермен есеп айырысуда пайдаланылатын негізгі валюта болып қалуда. Өңдеу өнеркәсібінде рубльді кәсіпорындардың 64,9%-ы, саудада 56,5%-ы пайдаланады. АҚШ доллары тау-кен өнеркәсібінде ғана басым (59,6%).

Пікіртерімге барлығы 2,6 мыңнан астам өндіруші және өңдеу өнеркәсібі, құрылыс, сауда, ауыл шаруашылығы, көлік және қоймаға жинау кәсіпорындары қатысты.

Толығырақ: https://nationalbank.kz/kz/page/rezultaty-oprosov-predpriyatiy-v-razreze-otrasley

Толығырақ ақпаратты мына телефон арқылы алуға болады:
+7 (7172) 77 52 10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға