2021 жылғы төлем балансын алдын ала бағалау туралы
2021 жылғы төлем балансын алдын ала бағалау туралы ҚР ҰБ Төлем балансы басқармасының бастығы Нұрлан Оспановтың түсіндірмесі
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2021 жылға арналған төлем балансының алдын ала мәлеметтерін құрап шығарды.
Алдын ала мәліметтер бойынша, ағымдағы шоттың тапшылығы 5,7 млрд долларды құрады. Дүниежүзілік экономиканың ұзақ мерзімді өсу трендіне бірте-бірте оралуы шикізатқа деген сұраныстың артуына және қазақстандық экспорттағы негізгі тауарлар бағасының өсуіне түрткі болды. Соның әсерінен ағымдағы шот аздап жақсарды – 2020 жылмен салыстырғанда тапшылық 12,7%-ға немесе 0,8 млрд долларға қысқарды.
Қазақстан экономикасының Covid-19 жайына бейімделуі, сондай-ақ жаһандық сұраныстың қалпына келуі сыртқы сауда айналымының 18,1%-ға ұлғаюына ықпал еттіп, 99,6 млрд долларды құрады. Бұл өсім экспорттың 27,2%-ға 60,2 млрд долларға дейін және импорттың 6,6%-ға 39,4 млрд долларға дейін өсуіне байланысты болды. Соңында сауда балансы 20,7 млрд доллар профицитпен қалыптасты.
Экспорт негізінен мұнай мен газ конденсатын жеткізу құнының 31,2%-ға 31,1 млрд долларға дейін ұлғаюына себеп болды. Экспортқа түсті металдар да қолдау көрсетті, олар 25,1%-ға өсіп, 6,1 млрд долларды құрады, қара металдар 55,6%-ға өсіп, 5,0 млрд долларға дейін өсті. Экспорттағы мұнай мен металдардың жалпы үлесі шамамен 70%-ды құрады.
Тауарлар импорты 6,6%-ға өсіп, 2019 жылғы коронавирус дағдарысына дейінгі деңгейге жақындап, 39,4 млрд долларға жетті. Тұтыну импорты соңғы 6 жылда рекордтық көрсеткішке жетті – 12,3 млрд доллар. 2020 жылы кейінге қалдырылған шығыстардың жүзеге асырылуына, карантиндік шектеулердің және халықтың тиімді сұранысының өсуіне байланысты импорттық автокөліктерді, компьютерлерді және ұялы телефондарды сатып алу саны артты. Бұл тауарлардың жиынтық өсімі 1,5 млрд долларды (+53,3%) құрады.
Тікелей инвесторлардың кірісі 56,4%-ға өсіп, 25,2 млрд долларды құрады. Бұл ретте дивидендтер шикізат бағасының өсуіне байланысты 57,7%-ға өсті.
Шетелдік инвесторлар кірісінің өсуі және импорттың жоғары деңгейі ағымдағы шоттың оң аймаққа өтуіне мүмкіндік бермейді. 2015 жылдан бастап ағымдағы шот 2018 және 2021 жылдардағы мұнай бағасының кезеңдік максимумдарына қарамастан тапшылықта қалыптасып отыр.
Толығырақ ақпаратты мына телефон арқылы алуға болады:
+7 (7172) 77 52 10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz