Серверлік жабдықта жүргізіліп жатқан жұмыстарға байланысты ҚҰБ-тың интернет-ресурсы 27 сәуір сағат 9:00-ден 28 сәуір сағат 23:00-ке дейін уақытша қолжетімсіз болуы мүмкін

1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Теңгенің айырбастау бағамы жағдайына қатысты

Монетарлық операциялар департаментi директорының орынбасары И. Сердюктің теңгенің айырбастау бағамы жағдайына қатысты түсіндірмесі

– Өткен аптадағы теңгенің 1,3%-ға нығаюынан кейін бағам үрдісі өзгерді. Бүгінгі биржа сауда-саттығындағы теңгенің бір АҚШ долларына шаққандағы бағамы 423,70 деңгейінде жабылды. Дүйсенбі-сейсенбіде теңгенің әлсіреуіне не әсер етті?

– Мұнай кен орындарындағы сегіз айлық шектеменің алынуына байланысты елдің шығысында шикізатты өндіруді жандандыру туралы Ливияның мәлімдемесінен кейін мұнайдың құны айтарлықтай төмендеді. Өндіруді жандандыру мұнай ұсынысын тәулігіне 1 миллион баррельден астам ұлғайтады деп күтілуде. Оған қосымша Үндістандағы мұнай импорты тамызда өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 23%-ға қысқарды. Осындай жаңалықтар аясында Brent сұрыпты мұнайдың бағасы 21 қыркүйекте бір баррель үшін 43,1 АҚШ долларынан 41,4 АҚШ долларына дейін 4%-ға төмендеді.

Теріс серпін мұнай нарығында ғана байқалып отырған жоқ, әлемдік қор нарықтарында да төмендеу байқалады. Инвесторлардың коронавирустық инфекция таралуының жылдамдауына байланысты алаңдаушылығы және карантин шараларын күшейту ықтималдығы негізгі себеп болып табылады. Әлемде шамамен 30,8 млн жұқтыру жағдайлары анықталды. Экономиканы ынталандыру үшін АҚШ-тың қосымша фискалдық шараларына қатысты белгісіздік те жағдайды шиеленістіруде.

Бұл факторлар дамушы елдердің валюталарына қысым көрсетті, олар өз кезегінде соңғы 6 айда ең үлкен төмендеуді көрсетті. Кешегі күні Ресей мен Мексика валюталары 1%-ға, Оңтүстік Африканың валютасы 2,8%-ға төмендеуді көрсетті.

Мұнай нарығындағы теріс серпін Қазақстанның валюта нарығына да әсер етті. Кешегі күні теңге 0,2%-ға әлсіреді, ал бүгін сауда-саттықты 422,9-дан бастап, бір күнде 0,4%-ға әлсіреді. Қазақстан қор биржасының сағ. 17:00-дегі жабылу бағамы 423,70 деңгейінде тіркелді. Ұлттық валютаның серпіні негізгі іргелі факторлар қозғалысының соңынан ілесуде.

Жоғарыға