Ұлттық Банк 2022 жылғы тамызда макроэкономикалық сауалнаманы жариялауға кірісті.
Макроэкономикалық сауалнаманы жүргізу Ұлттық Банктің нарықтағы кәсіби қатысушылармен коммуникацияларын жақсартуға бағытталған. Сарапшылар қауымдастығымен диалог орнату реттеуші мен нарық арасындағы ақпараттық асимметрияны азайтуға бағытталып отыр.
Сауалнамаға Қазақстан бойынша макроэкономикалық көрсеткіштерді талдау және болжаумен айналысатын ұйымдар қатысады. Респонденттер қатарына нарықтағы кәсіби қатысушылар, зерттеу институттары, халықаралық ұйымдар, сондай-ақ рейтингтік агенттіктер кіреді. Келешекте тізім кеңейтілуі мүмкін.
Макроэкономикалық сауалнамада Ұлттық Банктің болжамдары қамтылмайды. Онда ішкі және әлемдік нарықтардағы жағдайдың келешек дамуына қатысты нарықтағы кәсіби қатысушылардың тәуелсіз пікіріне, бағалаулары мен күтулеріне шолу жасалған.
Сауалнаманы базалық мөлшерлеме бойынша шешімдер алдында жылына кемінде 4 рет тұрақты түрде жүргізу жоспарлануда.
Сауалнама нәтижелері: 2026 жылғы ақпан
(жақша ішінде 2026 жылғы қаңтардағы сауалнаманың нәтижелері көрсетілген)
|
Brent маркалы мұнай бағасы |
69,1 |
62,0 (62,5) |
63,7 (64,1) |
65,3 (67,5) |
|
ЖІӨ өсімі |
6,5* |
5,0 (4,8) |
4,5 (4,4) |
4,3 (4,2) |
|
ТБИ |
12,3 |
10,0 (10,8) |
8,0 (6,9) |
7,0 (6,5) |
|
Базалық мөлшерлеме |
18,0 |
15,9 (16,0) |
12,0 (12,5) |
11,0 (10,0) |
|
Тауарлар мен қызметтер экспорты |
89,7* |
83,7 (88,0) |
90,6 (91,6) |
93,0 (97,8) |
|
Тауарлар мен қызметтер импорты |
79,6* |
73,1 (77,0) |
75,6 (79,0) |
79,0 (84,0) |
|
USD/KZT курсы |
521,6 |
535,0 (537,0) |
555,1 (559,5) |
578,0 (580,0) |
|
Көрсеткіш |
2025 |
2026 |
2027 |
2028 |
| Бейтарап базалық мөлшерлеме** жылдық % |
10,0 (9,0) |
| ЖІӨ-нің ұзақ мерзімді өсуі*** %, ж/ж |
4,5 (4,0) |
* ЖІӨ - 2025ж. қаңтар-желтоқсан аралығына ҚР СЖжРА ҰСБ жедел деректері, экспорт/импорт - ҚРҰБ-ның 2025ж. алдын ала бағалауы
** Ақша-кредит саясат ұзақ мерзімді кезеңде инфляцияны және инфляциялық күтулерді мақсатта сондай-ақ ЖІӨ-ді әлеуетті деңгейде сақтауын қолдайтын базалық мөлшерлеме
*** 5 жыл ауқынында әлеуетті ЖІӨ өсуінің күтілетін орташа қарқын
Макроэкономикалық сауалнама мәселелері бойынша macroforecast@nationalbank.kz электрондық поштасы арқылы хабарласа аласыз.