1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

АКС іске асыру шеңберінде операцияларды жүргізу уақытын шектеу туралы

Ұлттық банк ақша-кредит саясатын іске асыру шеңберіндегі операциялар 2020 жылғы 18 қыркүйекке дейінгі уақыт бойынша шектеулі режимде жүргізілетінін хабарлайды.

Тұрақты қолжетімді операцияларды, оның ішінде «Қазақстан қор биржасы» АҚ-та жүргізілетін валюталық свопты және РЕПО-ны, депозиттерді тартуды және қолма-қол шетел валютасымен операцияларды Ұлттық Банк Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 15:00-ге дейін жүргізетін болады.

Ашық нарық операциялары, оның ішінде қысқа мерзімді ноттарды орналастыру бойынша аукцион және депозиттік аукцион әдеттегі режимде жүзеге асырылатын болады.

Толық ақпартты БАҚ өкілдері телефон арқылы қолжетімді:
+7 (717) 2 775 205
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға