1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

АКС іске асыру шеңберінде операцияларды жүргізу уақытын шектеу туралы

Ұлттық банк ақша-кредит саясатын іске асыру шеңберіндегі операциялар 2020 жылғы 11 қыркүйекке дейінгі уақыт бойынша шектеулі режимде жүргізілетінін хабарлайды.

Тұрақты қолжетімді операцияларды, оның ішінде «Қазақстан қор биржасы» АҚ-та жүргізілетін валюталық свопты және РЕПО-ны, депозиттерді тартуды және қолма-қол шетел валютасымен операцияларды Ұлттық Банк Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 15:00-ге дейін жүргізетін болады.

Ашық нарық операциялары, оның ішінде қысқа мерзімді ноттарды орналастыру бойынша аукцион және депозиттік аукцион әдеттегі режимде жүзеге асырылатын болады.

Толығырақ ақпарат БАҚ өкілдері үшін мына телефон арқылы қолжетімді:
+7 (717) 2 775 205
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға