1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

2020 жылғы 21–28 тамыз аралығында жекелеген дамушы елдердің валюталары бойынша шолу

Сауда-саттық қорытындысы бойынша 28 тамызда теңгенің нарықтық бағамы бір аптада 0,4%-ға (418,62-ден) әлсіреп, бір АҚШ доллары үшін 420,11 теңге деңгейінде қалыптасты.

Сыртқы валюта нарығында 2020 жылғы 21 – 28 тамыз аралығындағы кезеңде бірқатар маңызды оқиғалар орын алды. Сауда өкілі, АҚШ қаржы министрі және Қытай вице-премьері арасындағы телефон келіссөздерінің қорытындысы бойынша тараптар 1-кезең шеңберінде мәмілені орындаудағы прогресті атап өтті. АҚШ ФРЖ Төрағасы монетарлық саясаттағы жаңа тәсіл туралы жариялады, онда инфляция мен жұмыссыздық бойынша мақсаттарды жеңілдетті – ОБ инфляцияның мерзімді 2%-дан асып кетуіне жол береді, бұл сонымен қатар негізгі мөлшерлеме ұзақ уақыт бойы төмен деңгейде болуы мүмкін екенін көрсетеді. АҚШ-та COVID-19 бар науқастарға қан плазмасын құюға ресми түрде рұқсат етілді, Moderna фармацевтік компаниясы ЕО-ға эксперименттік вакцинаның 80 млн дозасын жеткізуді қамтамасыз етеді. Жапония Премьер-Министрі Синдзо Абэ денсаулығына байланысты отставкаға кетуге шешім қабылдады.

Дамушы елдер валюталарының1 АҚШ долларына қатысты бағамдарының серпіні төмендегідей қалыптасты:

Бразилия реалы ФРЖ Төрағасының сөз сөйлеуінен кейін АҚШ долларының жаһандық әлсіреуі және елдің экономика министрінің қызметінен кетуіне қатысты алаңдаушылықтың төмендеуі аясында 4,1%-ға (5,62-ден 5,39-ға дейін) нығайды;

Оңтүстік Африка ранды 3,3%-ға (17,16-дан 16,6-ға дейін) нығайды. ОАР Covid-19 вакцинасын өндіруге қатысу туралы шартқа қол қоюы мүмкін, бұл құрлықта иммундауға қол жетімділікті арттырады;

үнді рупиясы қор нарығына капиталдың әкелінуі және ОБ тарапынан валюталық өктемдіктің төмендеуі аясында 1,9%-ға (74,85-тен 73,4-ға) нығайды (өткен аптада резервтердің өсуі баяулады);

Ресей рублі мұнайға баға белгілеудің өсуі аясында 1,1%-ға (74,82-ден 74,03-ке дейін) нығайды;

Индонезия рупиясы 1%-ға (14 773-тен 14 632-ге дейін) нығайды. ОБ ірі экспорттаушылардың валюталық түсімін ұлттық валютаға міндетті түрде айырбастауды талап ететін қаулыны енгізуді дайындауда;

Мексика песосы АҚШ долларының жаһандық әлсіреуі аясында 1%-ға (21,97-ден 21,76-ға дейін) нығайды;

түрік лирасы бір апта ішінде іс жүзінде өзгерген жоқ, 7,32-ден 7,33-ке дейін 0,1%-ға әлсіреді.

1 АҚШ долларына қатысты көлемі тұрғысынан неғұрлым көп саудаланатын дамушы елдердің валюталары 

Толығырақ ақпарат БАҚ өкілдері үшін мына телефон арқылы қолжетімді:
+7 (717) 2 775 205
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға