1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

«Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ және Clearstream арасындағы халықаралық есеп айырысу желісі жетілдірілді

Қазақстан Ұлттық Банкі отандық қор нарығын дамыту шеңберінде 2020 жылғы 10 тамыздан бастап «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ және Clearstream Халықаралық Бағалы қағаздар орталық депозитарийі арасындағы Delivery versus Payment (төлемге қарсы жеткізу) үлгісіне дейін Қазақстан Ұлттық Банкінің ноттары мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары бойынша халықаралық есеп айырысу желісінің жетілдірілгенін хабарлайды.

Delivery versus Payment стандарты бағалы қағаздарды аударумен бір мезгілде жеткізілімге ақы төлеуді көздейді, бұл тартылған тараптар үшін тәуекелдерді азайтады және ең жақсы әлемдік тәжірибеге сәйкес келеді. Осы есеп айырысу стандартына көшу мемлекеттік бағалы қағаздардың отандық нарығының өтімділігіне оң әсер етеді және қор нарығының одан әрі дамуына ықпал ететін болады.

Бұған дейін 2018 жылғы шілдеде осы бағытта Қазақстан Ұлттық Банкі «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ-мен және Clearstream-мен бірлесіп Clearstream жүйесінде Free of Payment (төлемсіз жеткізу) үлгісі бойынша мемлекеттік облигациялар бойынша есеп айырысуды жүргізу мүмкіндігін іске асырды, бұл халықаралық инвесторлардың Қазақстанның қор нарығына қол жеткізуін жеңілдетудің кезекті қадамы болды.

Толығырақ ақпарат БАҚ өкілдері үшін мына телефон арқылы қолжетімді:
+7 (717) 2 775 205
e-mail: press@nationalbank.kz 
www.nationalbank.kz

Жоғарыға