Ақша-кредит саясатын іске асыру шеңберінде операцияларды жүргізу уақытын шектеу туралы
Ұлттық банк карантиндік режимді ұзартуға байланысты ақша-кредит саясатын іске асыру шеңберіндегі операциялар 2020 жылғы 14 тамызға дейінгі уақыт бойынша шектеулі режимде жүргізілетінін хабарлайды.
Тұрақты қолжетімді операцияларды, оның ішінде «Қазақстан қор биржасы» АҚ-та жүргізілетін валюталық свопты және РЕПО-ны, депозиттерді тартуды және қолма-қол шетел валютасымен операцияларды Ұлттық Банк Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 15:00-ге дейін жүргізетін болады.
Ашық нарық операциялары, оның ішінде қысқа мерзімді ноттарды орналастыру бойынша аукцион және депозиттік аукцион әдеттегі режимде жүзеге асырылатын болады.