1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

2020 жылғы 3–10 шілде аралығында жекелеген дамушы елдердің валюталары бойынша шолу

Сыртқы валюта нарығында 2020 жылғы 3 – 10 шілде аралығындағы кезеңде бірқатар маңызды оқиғалар орын алды. Инвесторлардың жаһандық тәуекел дәрежесі жекелеген аймақтарда (АҚШ, Бразилия, Үндістан) коронавирус жұқтырудың рекордты жағдайлары туралы хабарламалармен шектелді. АҚШ-та өндірушілердің бағасы 0,2% ж/ж төмендеді, бұл сарапшылар ойлағаннан да нашар болды. АҚШ Шыңжаңдағы саясат үшін жауапты деп санайтын Қытай шенеуніктерін санкциялар тізіміне енгізді. Коронавирусқа қарсы препаратты жасаушы компания препараттың өлімді төмендетудегі мүмкін тиімділігі туралы хабарлады. Халықаралық энергетикалық агенттік мұнайға жаһандық сұраныстың болжамын ((-) тәулігіне 7,3 млн баррельге (-) тәулігіне 8,3 млн баррель – алдыңғы болжам) көтерді және коронавирустың жаңа өршуі болжамды төмендетуі мүмкін деп ескертті.

Дамушы елдер валюталарының АҚШ долларына қатысты бағамдарының серпіні былайша қалыптасты:

  • Оңтүстік Африка ранды Үкіметтің МБҚ көлемін ұлғайту туралы шешіміне және мемлекеттік қарыздың шамадан тыс кеңеюінен қорқуға байланысты ОАР мемлекеттік облигацияларға инвесторлардың сұранысының төмендеу белгілеріне қарамастан, препараттың коронавирусқа қарсы тиімділігі туралы хабарламалардың аясында 1,5%-ға (17,04-тен 16,79-ға дейін) нығайды;
  • Ресей рублі мұнай бағасының өсуі қалпына келуі аясында 0,8%-ға (71,37-ден 70,78-ге дейін) нығайды;
  • Индонезия рупиясы ОБ Қаржы министрлігінен бұрын инвесторлар арасында алаңдаушылық туғызған МБҚ тікелей сатып алу туралы түсіндірулері аясында 0,6%-ға (14 523-тен 14 435-ке дейін) нығайды. ОБ бұл дәстүрлі емес шараны пандемиядан туындаған бір реттік шара ретінде қарастыратынын айтты;
  • түрік лирасы 0,1%-ға (6,86-дан 6,87-ге дейін) әлсіреді. Түркия алты шетелдік банкке акцияларын қысқа сатуға тыйым салды;
  • Мексика песосы коронавирусты жұқтырған адамдар санының көбеюі мен карантиндік шараларды ықтимал жаңарту салдары жөнінде алаңдаушылық аясында 0,2%-ға (22,39-дан 22,44-ке дейін) әлсіреді;
  • Бразилия реалы елде және әлемде коронавируспен ауыратындар санының өсуі аясында 0,4%- ға (5,31-ден 5,33-ке дейін) әлсіреді;
  • үнді рупиясы елде коронавирус жағдайларының өсуі жағдайында 0,8%-ға (74,64-тен 75,21-ге дейін) әлсіреді.

Жоғарыға