2020 жылғы 26 маусым–3 шілде аралығында жекелеген дамушы елдердің валюталары бойынша шолу
Сыртқы валюта нарығында 2020 жылғы 26 маусым – 3 шілде аралығындағы кезеңде бірқатар маңызды оқиғалар орын алды. Дамушы елдер валюталарының бір аптадағы серпіні көп бағытты болды. АҚШ-тың Еңбек министрлігі маусым айында жұмыс орындарының саны (+4,8 млн) және жұмыссыздық (11,1%) туралы оптимистік мәліметтерді жариялады, олар сарапшылардың болжамынан жақсы болды. Сонымен қатар, АҚШ-та және Бразилияда коронавируспен ауыратындардың саны өсуде. Коронавирус вакцинасының алдын-ала тиімділігі туралы хабарламалар пайда болады. Маусым айында АҚШ-тағы қызмет көрсету саласындағы іскерлік белсенділік индексі ақпан айынан бастап жоғарғы шегіне жетті (57,1 деңгейіне дейін), бұл экономистердің болжамдарынан асып түсті.
Дамушы елдер валюталарының АҚШ долларына қатысты бағамдарының серпіні былайша қалыптасты:
- Бразилия реалы тәуекел сентиментінің жаһандық жақсаруы және маусым айында импорттың төмендеуіне байланысты сауда теңгерімінің профицитін $7,5 млрд дейін кеңейту туралы деректердің шығуы аясында 3,1%-ға (5,48-ден 5,31-ге дейін) нығайды;
- Мексика песосы оптимистік экономикалық деректердің шығуына және шетелдік капиталдың әкелінуіне байланысты АҚШ долларының жаһандық әлсіреуі жағдайында 2,9%- ға (23,05-тен 22,39-ға дейін) нығайды;
- Оңтүстік Африка ранды 2020 жылғы 1-тоқсанда 17 жыл ішінде бірінші рет ІЖӨ-нің 1,3% деңгейінде болған (алдыңғы тоқсандағы 1,3% тапшылыққа қарсы) ағымдағы шоттың профициті туралы деректерді жариялау аясында 1,5%-ға (17,3-тен 17,04-ке дейін) нығайды.
- үнді рупиясы инвесторлардың тәуекел сентиментінің жақсаруына байланысты капиталдың әкелінуінің қайта басталуы аясында 1,3%-ға (75,64-тен 74,64-ке дейін) нығайды;
- түрік лирасы 6.86 деңгейінде қалып, апта ішінде өзгерген жоқ. Инфляция қатарынан екінші айда үдей түсуде – маусымда ол 12,6% құрады.
- Индонезия рупиясы ОБ-ның Үкімет бюджетінің ташылығын қорландыру жөніндегі жоспарларына қатысты мәселелер бойынша инвесторлар қауіптерінің аясында 2,1%-ға (14 220-дан 14 523-ке дейін) әлсіреді – тараптар Орталық Банктің шамамен $40 млрд мемлекеттік облгиацияларды 0%-бен сатып алуын келісуге таяп қалды.
- Ресей рублі санкциялық тәуекелдердің жаңаруы аясында 2,3%-ға (69,78-ден 71,37-ге) дейін әлсіреді – РФ Ауған сарбаздарына америкалық әскерлерге шабуыл жасағаны үшін сыйақы ұсынды деген хабарламалар пайда болғаннан кейін АҚШ Өкілдері Палатасының спикері санкциялар енгізуді ұсынды, АҚШ сенаторлары қорғаныс бюджетінің жобасына Солтүстік ағын-2 газ құбырының салынуына қарсы санкциялар енгізу жөнінде ұсыныстар енгізді.

Дамушы елдер валютасының серпіні (2020 жылғы 19 маусым =100, индекстің өсуі – валютаның нығаюы)
